Отандық шығыстану мен арабтанудың қалыптасу тарихы

1273

Шығыстану — Шығыс елдерінің тарихын, экономикасын, тілін, əдебиетін, өнерін, дінін, этно- графиясын, философиясын зерттейтін ғылым. Ол өзінің құрамына ирантану, египеттану, монғолтану, қытайтану, арабтану, корейтану жəне т.б. ғылымдарды біріктіреді. Шығыстанудың білімнің ерекше саласы ретінде пайда болуы капиталдың алғашқы қорлану дəуірі мен шығыс елдеріне еуропалық мемлекеттердің баса-көктеп кіруінің басталуымен байланысты болды. Шығыстанудың дамуына халықаралық байланыстардың жалпы кеңеюі де ықпал етті. XVI ғасырдың соңында арабтанушы Постельдің, Алдыңғы Азия тарихын жазушы Роттың, Бриссонийдің еңбектері жарық көрді. XV ғасырда Ресейде А.Никитиннің Үндістанды сипаттауы, 1618 жылы И.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбалары пайда болды. XVII ғасырдың соңында бірқатар университеттерде (Лейден, Париж, Оксфорд) шығыс қолжазбаларының айтарлықтай мөлшері жинақталып, соның нəтижесінде жазба деректерге сүйенген алғашқы жүйеге көтерілген еңбектер жарық көрді.

Батыс Еуропада ғылыми шығыстану ХVІІІ ғасырда пайда болды. ХІХ ғасырда ол тезірек дамыды. Біріншіден, бұл отар елдері бар мемлекеттерге Англия, Франция, Голландия, Германия жəне Италия мемлекеттеріне қатысты болды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер атағынан айырылған Испания мен Португалияның шығыстанулық зерттеулері қысқарды. Шығыстанудың дамуы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық бағытқа ұласты [1].

Ресейде Г.С.Лебедев Еуропадағы ең алғашқы санскрит грамматикасының бірін (1801) құрастырды жəне бірнеше қолданыстағы үнді тілдерінің грамматикалық құрылысына сипаттама берді. XIX ғасырдағы неғұрлым көрнекті шығыстанушы Н.Я.Бичурин (Иакинф) болды. Ресей шығыстанушыларын дайындау бастапқыда Қазан университетінде (1807 жылдан), кейіннен Петербург университетінде (1819 жылдан) жүргізілді. 1818 жылы Ресей шығыс қолжазбалары мен металл ақшаларының қоймасы — Азия мұражайы құрылып, ол академиялық шығыстанушы орталыққа айналды [2].

Шығыстанудың бір тармағын арабтану ғылымы құрайды. Арабтану — араб халықтарының тарихы мен əдебиетін, тілі мен мəдениетін зерттейтін кешенді ғылымдардың бірі. Бүгінгі арабтану ғылымы араб халықтарының тілі мен оның жазба ескерткіштерінің табиғатын тануға бағытталған. Сондықтан тіл мамандары арабтану ғылымын «араб тілін зерттейтін ғылым» деп өте тар ұғымда алып қарастырады. Дұрысына келсек, арабтану ғылымы тек араб халықтарының тілдерін зерттеумен ғана шектелмеуге  тиіс.  Бұл  ғылым  араб  халықтарының  тілі  мен  дінін,  тарихы  мен      этнографиясын, мəдениеті мен əдебиетін, материалдық жəне рухани дүниесін зерттейтін сан алуан мамандарды біріктіреді. Арабтану өзінің зерттеу объектілерінің ауқымын белгілеп, зерттеу принциптерін қалыптастырып, кешенді, дербес ғылым ретінде таныла бастады.

ХІХ ғасырдың І-ші жартысында Ресейде арабтанушыларды даярлайтын алғашқы мектептер қалыптасты. Мəскеу шығыстануының қалыптасу кезеңінде А.В.Болдырев, П.Я.Петров сияқты ұстаздар арабтану ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар шығыстану мектептері Дерпт, Вильно, Петербор, Қазан университеттерінде ашылды. Бұл мектептерде арабтанушылардың алғашқы шоғыры қалыптасты. Олардың қатарында В.Ф.Гецель, А.Ф.Клейнерт, С.Ф.Жуковский, М.К.Бобровский, Т.Худжаевский, Х.М.Френ, Ф.-И.Эрдман, М.Навроцкий, А.Смирнов еңбек етіп, арабтану ғылымына қатысты еңбектер жазған [3].

Аталмыш кезеңге байланысты тікелей арабтану ғылымына байланысты Х.М.Френнің араб деректерін зерттеудегі аудармалары мен Б.А.Дорнның шығыстық қолжазбаларды зерттеу жұмыстарын айтуға болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы арабтану ғылымына қатысты М.Тантави, А.В.Болдырев, А.К.Казем-бек, И.Н.Холмогоров, В.В.Григорьев сынды ғалымдардың еңбектерінде шығыс елдерінің тарихы, лингвистикасы, əдебиеті əр қырынан зерттелген. Бұл ретте И.Ю.Крачковскийдің арабтану мен исламтану ғылымына қосқан үлесін айта кету маңызды. И.Ю.Крачковский «Араб поэзиясы», «Лəйлі мен Мəжнүн» сияқты шығыс туындыларын аударған. Сонымен қатар ғалымның «Құранды» аудару еңбегі құнды зерттеу болып табылады. И.Ю.Крачковскийдің замандасы В.В.Бартольдтың еңбектері тек арабтану ғылымына ғана емес, қазақ тарихына да қатысты. В.В.Бартольдт Орталық Азияға байланысты көп еңбектер қалдырды. Ғалым тарихты жазумен қатар, ислам дініне байланысты ізденушілік қызмет атқарған [4].

Арабтанушылар тек араб деректеріне қатысты еңбектерді аударып қоймай, сонымен қатар мұсылман қауымының қасиетті Құран кітабын аудару ісімен де айналысқан. Құранның алғашқы өлең түріндегі аудармасын И.Ю.Крачковскийдің шəкірті Т.А.Шумовский орындады.  Аударманы мұсылман қоғамы жақсы қабылдаған. Еңбектің алғашқы басылымы Санкт-Петербургте 1995 жылы жарыққа шықты [5].

Кезекте, Құранды аударған ислам дінінің өкілі, бұл мəдениетті жан-жақты зерттеуші, аудару барысында тек өз ұстанымдарымен жүрмей, мұсылман қоғамындағы əйгілі имамдармен кеңесе отырып аударған, Валерия Прохорова болды. Бұл аударманы жарыққа шығаруға Египеттегі əйгілі Аль-Азхар Академиясы рұқсат берген. Аударма 1991 жылы жарыққа шықты. Кейін осы ғалымдардың ізін Н.О.Османов, Э.Кулиева секілді ғалымдар жалғастырды. Олардың мақсаты Құранды адамзат қауымына барынша жан-жақты түсіндіріп, жеткізу болды [6].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес шығыстануы Орта Азиядағы шығыстану институттары арқылы мұсылман республикаларында кəсіпқой академиялық орта қалыптастыруға тырысты. Əсіресе Ташкент, Баку мен Душанбедегі шығыстану орталықтары нығайып əлемдік деңгейге дейін көтерілді. Еліміздің отандық (қазақ) шығыстануының қалыптасуы осы  кезеңге жатады. Бұл таңда Р.Б.Сүлейменовтың атқарған қызметін айту маңызды. 1979 жылы наурызда Ш.Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институтында Шығыстану бөлімі ашылғаннан кейін білікті мамандар даярлана бастады. Олардың қатарына ХХ ғасырдың 50–60- жылдары В.Я.Басин, Ю.Г.Баранова, Ю.А.Зуев, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, С.К.Ибрагимов, Т.Сұлтанов, В.П.Юдин, А.Г.Малявкин, тағы басқа ғалымдар араб, парсы, қытай, орыс, түркі тілдеріндегі деректерді жинап, ерте жəне ортағасырлық Қазақстан тарихының талай  ақтаңдақ беттерін ашқаны белгілі.

Рамазан Бимашұлының Қазан төңкерісіне дейінгі шығыстанудың көкейкесті мəселелерін зерттеу ісіне бағыт беріп, оларды ұйымдастыру, өзара үйлестіру ісіне жетекшілік атқарғаны өз алдына, ең алдымен, бұл салада мамандар даярлау ісіне көңіл бөлді. Осы мақсатпен шығыстану бөлімінің қызметкерлері аспирантураға, стажировкаға Қазақстаннан тыс қалаларға жіберілді. Атап айтар болсақ, 1980–1981 жылдары А.А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университеті шығыстану факультеті араб филологиясы кафедрасында С.С.Жұбанышева кəсіби өтілден өтті. Ол  онда филология ғылымдарының докторы О.Б.Фролованың жетекшілігімен Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша араб тіліндегі деректерді оқып-зерттеуге маманданды. КСРО ҒА Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің аспирантурасына Қазақстанның орта ғасырлар тарихы бойынша мамандану үшін А.Сабитов жіберілді, оның ғылыми жетекшісі С.Г.Кляшторный болды. Кейінде ол КСРО    ҒА    Қиыр    Шығыс    институтында    тарих    ғылымдарының    докторы  В.С.Мясниковтың жетекшілігімен Синьцзян тарихы бойынша стажировкадан өтіп, аспирантураға қалдырылды. 1982– 1983 жылдары Мəскеуде КСРО ҒА Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер К.Хафизова 1 жыл мамандықты жетілдіру курсында оқыды. КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтының аспирантурасына К.Сыроежкин жіберіліп, қабылдау емтихандарынан табысты өтті. Мəскеу қаласына КСРО ҒА Шығыстану институтына А.Сұлтанғалиева 2 жылдық стажировкаға жіберілді. Сондай-ақ КСРО ҒА Этнография институтында Р.Мұстафина, ал Шығыстану институтында Ж.Мұқажанова стажировкадан өтеді.

Сонымен қатар Қазақстаннан барған азаматтар Мəскеу жəне Ленинградта білім алып, көбінесе дипломатия саласында да көзге түсті. Олардың ішіне синолог (қытайтанушы) Қасым-Жомарт Тоқаев, индолог Ерлан Ыдырысов жəне арабтанушы Сайран қажы Қадыр болды. Ирантанушылар Өміртай Бітімов пен Ағыбай Смағұлов, арабтанушылар Болатхан Тайжан (марқұм), Бақтияр Тасымов, Бағдат Əміреев, Қайрат Сарыбаев жəне тағы басқалар. ХХ ғасырдың басында Мəскеу мен Ленинградтағы ірі шығыстану орталықтарын басқарған Нəзір Төреқұлов пен Санжар Əсфендияровтың жолын жалғастырушы қазақ ғалымдары əлі де бар. Петербург университетінде түрколог Тұрсын Сұлтанов пен Мəскеу университетіндегі Шығыстану институтын басқаратын түріктанушы Жібек Сыздықова да өз үлестерін қосып жүр. Вашингтон университетінде дəріс беретін Талант Мауқанұлы сияқты қазақ шығыстанушылары Батыста да қызмет атқарып жүр [7].

80-ші жылдар басында Р.Сүлейменов басқарған Шығыстану бөлімінің кадрлық əлеуеті нығайып, зерттеу тақырыптарының ауқымы кеңейді. Егер 1980 жылы бөлімде 10-нан астам қызметкер болса, арада 4 жыл өткенде олардың саны 20-дан асып түсті. Бөлім жұмысының ірі нəтижесі 1984 жылы «Цин империясы мен Қазақстан» атты құжаттар жинағын даярлауды аяқтау болып табылады. Жинақ КСРО ҒА Шығыстану институтында, КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтында жақсы баға алды. Бөлім жинақтаған құжаттар 1989 жылы Мəскеу қаласында екі том болып «Международные отношения в Центральной Азии XVII–XVIII вв.», Алматыда «Цинская империя и казахские ханства. Вторая половина XVIII в. – первая треть ХІХ в.» (екі бөлімнен тұрады) деген атпен Р.Б.Сүлейменовтің редакциясымен жарық көрді. Жинақ тоқырау заманында даяр болды, қайта құру  тұсында жарық көрді. Сондықтан оның ішінде ресми идеологияға сəйкестендірілген ой түйіндер кездеседі. Бұл туралы 1991 жылдың тамыз айында Көкшетау қаласында өткен «Абылай жəне қазақ халқының XVIII ғасырдағы ұлт-азаттық күресі» ғылыми-практикалық конференцияда М.Қозыбаев айта алды. Онда мына жолдар бар: «Тіпті 1989 жылы Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институты мен Ұйғыртану институты шығарған «Цинская империя и казахские ханства. Вторая половина XVIII в. — первая треть ХІХ в.» атты кітаптың кіріспесінде зерттеуші К.Хафизова былай деп жазды: «Казахские ханства представляли собой феодальные образования с несовершенными формами государственного института. В одном жузе редко правили несколько ханов, но ни один из них не имел реальной власти, попытки централизации правления в одних руках, предпринятые Абулхаиром и Аблаем, успеха не имели». Мен мұндай пікірмен қосыла алмаймын. Дербес мемлекет құру, қазақ халқының егеменді ел болуы — Абылай өмірінің түп қазығы. Қазақ тарихындағы Абылай құрған қазақ хандығы мемлекеттік дəрежеге көтерілмеді, — деу империялық ой-өлшемінің көрінісі болса керек».

Осылайша, қысқа мерзім ішінде Қазақстан ғылымының тағы бір іргелі саласы — шығыстану қалыптасып шықты. Р.Б.Сүлейменовтың іскер ұйымдастырушылық қызметімен қазақстандық шығыстанушылар Мəскеудегі, Ленинградтағы, Ташкент пен Душанбедегі, Баку мен Новосібірдегі əріптестерімен шығармашылық байланыстар орнатып, күрделі зертттеулерді жүзеге асыратын дəрежеге қол жеткізді [8].

Енді арабтанудың жалпы шығыстанудан бөлініп шығуы туралы айтатын болсақ, көп жылдық қажырлы еңбектің нəтижесінде 1977 жылы Қаз ССР Президиумының Үкімімен Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде араб бөлімі ашылып, оған қазақ мектебін бітірген жас талапкерлер оқуға түсті. Ұлттық кадр дайындауға жол ашылды. Айтулы мамандыққа деген қызығушылық та, құлшыныс та зор болды. Қазақстанның 10 шақты мектебінде араб тілі оқытыла бастады. Арабтанушы-мамандар дайындайтын мекеме құру идеясы ертеден бар болатын. Қазақ тілі мен мəдениеті жəне тарихының Шығыспен байланысы мол, тамырлас болғандықтан, Кеңестік кезеңде алдыңғы қатарлы зиялы қауым тіл білетін маманға қажеттілікті ерекше сезінді. Араб жазуы мен тілі жəне шығыс өркениеті туралы білім болмағандықтан, қазақ халқының өз тарихын игеру мүмкіндігі аз болды. Кеңестік идеологияның қырын қарағанына қарамастан, ұлтжанды адамдар араб тілін   оқытуды   қолға   алу   жолында   қажырлылық   танытты.   Осы   игілікті   істі   жүзеге асыруда Ө.Жəнібеков (1931–1998) пен сол кездегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры Ө.А.Жолдасбековтың (1931–1999) кафедра ашу жолында атқарған еңбегі ерекше болды.

Алғашқы кезеңде арабтанушы-оқытушылар филология факультетінің жалпы тіл білімі кафедрасының құрамында жұмыс істеді. Ал, 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің шығыс филология кафедрасы ретінде ашылды. Міне, нақ осы кафедра араб тілінен басқа тағы 7 тілді оқытатын шығыстану факультетінің ашылуына негіз болды [9].

Арабтану кафедрасы 1984 жылы ҚазМУ-дың филология факультетінде құрылған жəне алғашқыда шығыс филологиясы кафедрасы деп аталған. Айта кету керек, факультетте араб тілі бірқатар факультеттерде Ұлы Отан соғысы жылдарында жүргізілген. Ол бағдарламаға міндетті пəн ретінде кірген жəне оны факультеттің егде оқытушысы Х.А.Ажикеев филология жəне тарих факультеттерінде жүргізген. 50-жылдардың ортасында араб тілін оқуға журналистика факультетінің студенттері де мүмкіндік алған.

1977 жылдан ол мамандық ретінде кіргізілді. Араб тілін оқушылардың алғашқы тобы қазақ бөлімі студенттерінен құралды. Оның құрамында Еркен Дуанаев, Бахыт Арыстанов, Асылбек Төлегенов, Арқабай Дадебаев, Бахыт Айранбаева, Рахат Тазабекова, Зубайра Абидинова, тағы басқалар болды. Араб тілі дəрісін Əбсаттар Бағысбайұлы Дербісəлиев жүргізді, ал топ кураторы Гүлжан Рамазановна Рамазанова болған. Одан əрі араб тілін оқушылар тобы біртіндеп кафедраның жас оқытушылары Ленинград университетінің түлектері — Надирова Гүлнəр Ермұратқызы, Жемкова Татьяна Нұрлығайыпқызы, Мамеко Феруза Ханифқызының қанатының астында өте бастаған. Бұл алғашқы бітірушілер жалпы талап пен сенімнен шыға білген.

Е.Дуанаев   Қазақстан   мұсылмандарының   рухани   басқармасында,   А.Дадебаев   көп  жылдар «Мектеп» баспасында араб тілі оқулықтарын шығарумен айналысқан. Б.Айранбаева  мен Р.Тазабекова мектепте араб тілін оқытса, Абидинова ҚазҰУ-де оқутышы қызметін атқарды. ҚазМУ- дың филология факультетінде араб тілі бөлімі осылайша қалыптаса бастаған. Алғашында араб тілін оқытушылар жалпы тіл білімі кафедрасының құрамында болып, кейін, яғни 1984 жылы, жеке бөлініп шығып, өз алдына шығыс филологиясы кафедрасын құрған. Жалпы шығыстану факультетінің негізін қалаған профессор Ə.Б.Дербісəлиев болған. Осы Орта Азия жəне Африка елдері тарихы кафедрасында шығыстану факультетінің негізі қаланған болатын.

Ұлы ойшылдарымыз өздерінің атақты шығармаларын араб тілінде жазған. Қазақтар өздерін дəстүрлі түрде мұсылман санап, дін туралы көбірек білгілері келген. Араб тілін білетін-адамдар да өте аз болды. Кеңес өкіметі кезінде шығыстанушыларды Мəскеу мемлекеттік Университеті жанындағы Азия жəне Африка елдері институты, Ленинград мемлекеттік университеті жəне Ташкент мемлекеттік университеті дайындады. Əрине, оқуға ынталары болғанымен, республикадан тысқары жерлерде оқуға мүмкіндік аз болды. Осының бəрінің Ə.Б.Дербісəлиевтің бастамасымен, ҚазМУ ректоры Ө.А.Жолдасбековтың қолдауымен ҚазМУ-де алғашында филология кафедрасының, одан кейін шығыстану факультетің ашылуына септігі тиді. Бұған жəне де сол кездегі ҚКП ОК-нің 1975 жылғы 29 сəуірдегі «Араб тілін кейбір орта білім беретін мектептерде оқыту жəне осы мектептерге педагогикалық кадрларды даярлау» туралы Қаулысының шығуы сол кездегі ең маңызды  оқиға болды. Бұл шешім 1977–1978 оқу жылында араб тілін оқыту жалпы білім беретін 10 орта мектепте жəне мектеп-интернатта шет тілі ретінде, оның 5-еуі 2-сыныптан бастап тереңдете оқытуды, 1976– 1977 жылдан бастап С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Шығыс тілдері жəне əдебиеті» мамандығы бойынша филология факультетінде араб жəне қазақ тілін оқыту, Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Тіл білімі институты араб тілін оқытуды ұйымдастырудың тізбесін жасады. Аталған Қаулы Қазақстандағы арабтану, жалпы шығыстанудың негіздерін қалады.

1997 жылға дейін Əбсаттар Дербісəлі осында қызмет атқарады. 1997 жылы оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты кафедра меңгерушілігін филология ғылымдарының кандидаты, доцент Надирова Гүлнəр Ермұратқызы басқарды. Кафедрада шығыстану факультетін үздік бітірген Ташкент жəне Ленинград университеті түлектері əлі де жұмыс жасауда [10].

Мемлекетіміз тəуелсіздік алғаннан кейін елімізде жақсы кадрларға қажеттілік туындады. Көптеген жас келешегінен зор үміт күтетін оқытушылар ҚР ІІМ-не қызметке шақырылды. Олардың қатарында ҚР-ның Сауд Арабиясындағы өкілі Бағдат Əмреев [11], ҚР-ның Араб əмірліктеріндегі консулы Алмас Əбдіраманов, түлектер Азамат Бердібаев (Таяу Шығыс департаменті басшысы), Қайрат Ламашариф (Египеттегі Қазақстан елшілігінің Кеңесшісі), Расул Жұмалы (ІІМ жауапты маманы),   Ержан   Мұқашев   (ҚР   Анкарадағы   консулы),   Исағалиев   Арман   (Египеттегі Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы), Берік Арын (Египеттегі Қазақстан елшілігінің Кеңесшісі), Алмат Өмірзақов (консул), Ержан Қалекенов (ҚР-ның Сауд Арабиясындағы елшілігінің бірінші хатшысы).

Көптеген студенттер Қазақстандағы əр түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары қызметін атқарады. Атап айтсақ, Дина Есенжан, Гауһар Бүркітбай, Айнұр Донбаева, Саламат Қайранбаев (Абылай хан атындағы ҚазХҚУ жəне ХТ), Жұлдыз Мырзаханова, Элеонора Қансеиітова, Рая Оразова (Абай атындағы университетінде), Болат Сарпеков, Құралай Ерғалиева (Еңбек жəне əлеуметтік қатынастар академиясында), Нұржамал Машкан, Роза Ескентаева, Айгуль Қабылшаева мен Айгүл Мамырханова (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ), Зейнелғабдина Гүлсая, Мекежанов Балтабай, Өтегенова Клара, Сегізбаева Қарлығаш (ҰҚК академиясында), Дүйсенбі Самия, Əбдіраманов Абдулманап (Қ.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінде), Тобжанов Шарибай (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде), Əубəкірова Сандуғаш туризм жəне спорт комитетінде департамент бастығы болып жұмыс істейді. Араб тілін оқытатын мектептерде бұрынғы студенттер — Рахат Тазабеков, Бақыт Айранбаева, Манат Боранқұлова, Шарипа Қапашевалар жұмыс істейді. Сейтметова Жанетта, Сұлтанбердиева Майра, Аймағамбетова Айгүл, Имеремзаев Ділмұрат кəсіби аудармашылар болды.

Сонымен қатар Қазақстанда арабтану ғылымының дамуына үлес қосып жүрген Б.Е.Көмеков пен Ə.Қ.Муминов, З.-А.Əуезова сияқты біртуар ғалымдарымыздың да еңбектері зор. 1996 жылы Алматыда Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылғаннан бері еліміздің төл тарихын зерттеуде ғылыми жаңалықтар ашып жатыр. Оған дəлел ретінде «Мəдени мұра» бағдарламасы арқылы Қазақстанның деректік негізін толықтыру мүмкіндігінің іске асуымен байланысты араб тілді деректер аударылды. Бұл Қазақстан тарихының əлі де болса ашылмаған тұстарын зерттеуге бірден- бір мүмкіндік болды. Қазақстан тарихына қатысты араб деректерін аса шеберлікпен Б.Е.Көмеков пен Ə.Қ.Муминов аударды.

Қоғамымызда мұсылман мəдениетіне, араб тіліне деген қызығушылық əр кезде болғандықтан, Қазақстанның білім саласына араб тілінің енуі қажет болды. Өйткені қазақ халқының тарихи мəдени ескерткіштерінің көпшілігі араб тілінде жəне арабша қолжазбалар түрінде жазылған. Сондықтан қазір араб тілін жетік меңгерген білікті мамандарды даярлау маңызды болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Big encyclopedia: Іn 62 volumes. — Vol. 3. — Мoscow: Terra, 2006. — P.
  2. Unknown pages of domestic oriental studies. — Мoscow: «Vostochnaya literatura» RAN, 1997. — P.
  3. Word about teachers: Moscow orientalists of the 30–60th years. — Мoscow: Nauka, 1988. — P.
  4. Shastitko M. Events and destinies: from formation history of Soviet oriental studies. — Мoscow: Nauka, 1995. — P. 115.
  5. Koran / Translation from Arabic of G.S.Sablukov. — 3rd publication. — Kazan: Central’naya tipografiya, 1907. — P.
  6. Klimovich L.I. The book about Koran / Tr.: О.Oralbekov. — Almaty: Kazakhstan, 1990. — P.
  7. Bokash G. Some words about Oriental studies // Kazakh adebieti. — 2009. — 16–22 January (№ 1). — P.
  8. Abzhanov H. Kazakhstan: history, language, nation. — Аstana: Ana tili-ata tarih, 2007. — P. 178–186.
  9. [Electronic resource] http://kaznu.kz/kz/10830/page/. 02.2012.
  10. History of oriental studies faculty / Edited by S.M.Syzdykov. — Аlmaty: Kitap, 2004. — 16–25.
  11. Diplomat-Рerson: about Bagdat Amireev // Diplomatiya zharshysy. — 2008. — № 4. — P.
Автордың аты-жөні, тегі: Г.С.Жүнісбекова, А.Н.Мұқанова
Жыл: 2013
Категория: Тарих
Дереккөз: https://articlekz.com/kk/article/15515 алынды.