Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Берлин мемлекеттік кітапханасы арасындағы серіктестік

175

2025 жылғы 20 маусымда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақстандық делегация Берлин мемлекеттік кітапханасының (Staatsbibliothek zu Berlin) басшылығымен кездесті.

Берлин мемлекеттік кітапханасының шығыстану бөлімінің меңгерушісі  Кристоп Раух (Chiristoph Rauch) 1661 жылы құрылған кітапхана тарихына, бөлімдеріне, кітапхананың Еуропадағы және неміс тілінде сөйлейтін әлемдегі ең маңызды академиялық ғылыми кітапханалардың бірі екеніне тоқтала келе, кітапхана қорында шығыс қолжазбаларының, оның ішінде Орталық Азия аймағына қатысты араб, парсы, шағатай тілінде қолжазбалардың бар екенін, Қазақстан ғылыми орталықтарымен байланысқа әзір екендіктерін айтты.

Кездесуде  Д.Мәсімханұлы өзі басқарып отырған институттың ғылыми әлеуеті және зерттеу бағыттарымен таныстыра келе, Берлин мемлекеттік кітапханасы қорында сақталған түркі тарихы мен мәдениетіне қатысты әр тілде сақталған дереккөздерді анықтау, деректанулық талдау жұмыстарын жүргізу және аталған кітапханамен ғылыми байланыстар орнатуда ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар аталмыш кітапханасындағы тарихи, құнды  деректер, қолжазбалар мен құжаттарды зерттеуде екі жақты әріптестікті дамыту жолдарын талқылап, ғылыми зерттеу саласындағы әріптестікті дамыту мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін саралады. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Берлин мемлекеттік кітапханасы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл кездесуге аталмыш кітапхананың шығыстану бөлімінің жетекші қызметкері Роза Тулашева, шығыстанушы ғалымдар, PhD Болатбек Батырхан, PhD Нұртас Әбдімомынов қатысты.

Кездесу соңында Институт директоры Дүкен Мәсімханұлы неміс әріптестерге сый-сыяпат табыстады. Кітапхана басшылығы қазақстандық ғалымдар делегациясына зор ризашылығын білдіріп, болашақта өзара байланыстарды дамытуға ықыласты  екендіктерін айтып, алғыс білдірді. Делегация мүшелеріне кітапхананың тұрақты оқырман билетін табыстады.

Бұрындары Пруссия мәдени мұрасы қоры, Пруссия мемлекттік кітапханасы деп аталған Берлин мемлекеттік кітапханасының 162 тілде 11 миллионнан астам кітап қоры бар. Аталмыш кітапханада 200 000-нан астам сирек кітаптар, 42,170-тен аса қолжазба сақталған.

slot danahttps://cefta.int/