ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНА – 25 ЖЫЛ

1608

2021 жылғы 25 қарашада, тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының құрылғанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан және Шығыс әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өте жоғары деңгейде аталып өтті. Конференция оффлайн және онлайн форматта санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.
Конференцияның бас модераторы, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану нститутының директоры, ф.ғ.д., профессор, белгілі қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы өзінің кіріспе сөзі, яғни, басты баяндамасында ғылыми-зерттеу институтының арғы-бергі тарихына тоқтала келе «Қазіргі таңда Шығыс елдерінде болып жатқан алмағайып, аласапыран оқиғалар дүниені дүр сілкіндіріп, әлемдік геосаясаттың қызу нүктесіне айналып тұр.

Әлемнің дамуына жетекшілік жасайтын елдер мен кері ықпал жасайтын жұрттар орналасқан Шығыс әлемі әлі де көп зерттеулерді қажет етеді» деп, шығыстану ғылымының қазіргі таңдағы өзектілігіне баса назар аударып, конференция қатысушыларына табыстар тіледі.
Ширек ғасырлық тарихы қалыптасқан Шығыстану институтының мерейтойына арналған құттықтаулар легі өте көп болды. Институт ұжымының жанын жадыратқан алғашқы құттықтау – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ыстық ықыласқа толы хаты болды. Мемлекет басшысы Шығыстану институты ғалымдарының еңбегін аса жоғары бағалап, ізгі тілектерін жеткізді.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.С. Әшімбаевтың құттықтау хатын оқу үшін арнайы конференцияға қатысқан Парламент Сенатының Өкілі Марат Айтмұхамбетов мырза жүрекжарды тілектерін айтып, сый-сыяпатын табыс етті.

ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің құттықтауын вице-министр Қ.А. Ерғалиев онлайн жүйеде оқып жеткізді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құттықтауын ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Е.С. Мұқаш мырза жеткізді.

ҚР ҰҒА Президенті М.Ж. Жұрыновтың құттықтауын ҚР ҰҒА академигі, проф., ф.-м.ғ.д. Мақсат Калимолдаев арнайы келіп оқып берді.

Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев, Иордан Хашимит Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Мұстафа Абдельгани, Қытай Халық Республикасының Бас консулы Чжун Хуа, Үндістанның Халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Виджай Такур Сингх, Жапония елшілігінің Мәдениет және білім жөніндегі бірінші хатшысы Юя Киносита, Ирандағы Алламеһ Табатабаи Университеті ректоры Абдоллаһ Мотамеди мырзалар мен ханымдар жүрекжарды құттықтауларын оқып, ыстық ықыластарын білдірді.

Сондай-ақ, аса ірі ғылыми орталықтар мен беделді университеттердің ректорлары мен ғылыми жұртшылық та өз лебіздерін жолдады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті ректоры ф.ғ.д., проф. Ж.Қ. Түймебаевтың құттықтауын Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Берекет Кәрібаев жеткізді.

Халықарлық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің құттықтау сөзін Нәпіл Базылхан әріптесеміз жеткізді

Француз Орталық Азияны Зерттеу Институтының директоры Адриен Фов өз құттықтауларын арнады.

Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ректоры, заң ғылымдарының докторы Өмірәлі Жалаири арнайы келіп, жарқын тілегін жеткізді.

Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ ректоры академик, проф. С.С. Құнанбаеваның құттықтауын Шығыстану факультетінің деканы, PhD, доцент Динара Дәуен ханым оқып берді.

Токио шет тілдер университетінің Азия және Африка тілдері мәдениетін зерттеу институтының (Жапония) құттықтауын PhD, профессор Джин Нода

Әзірбайжан теология институты, Теология факультеті деканының құттықтауын доцент Елнура Азизова ханым жеткізді.

Сонымен қатар, Исламабад Халықаралық ислам университеті, Исламтану институтының бас директоры, профессор Мұхаммед Зия-Ул-Хак, Тәжікстан ҰҒА Жазбаша мұра орталығының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Л.Н. Додхудоева баяндама жасап, құттықтады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директоры орынбасарының құттықтауын т.ғ.к. Б.М. Қайыпова оқыды.
Көп жылдар бойы Институттың директоры қызметін атқарған, қазіргі таңда Институт жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпараттық орталығының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Меруерт Қуатқызы Әбусейітова маңызды баяндама жасап, ізгі ниетін ақ жүректен ақтарды.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректоры М.Қ. Сырлыбаев

Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының директоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, профессор Т.О. Омарбеков, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Б.Ж. Омаров, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры, т.ғ.к. С.Қ. Шілдебай, ҚР Ұлттық архиві бас директоры С.Е. Нұрланова жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Конференцияға арнайы көршілес Өзбекстаннан келген Ташкент Мемлекеттік шығыстану университетінің Қытай тарихы, мәдениеті, саясаты және экономикасы кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғыл. кандидаты Камила Николаева тұшымды баяндама жасады.

ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор С.А. Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов құттықтаулар жолдады.

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, академик С.Т. Сейдумановтың құттықтауын Институттың бас ғылыми хатшысы Динара Жанабаева оқып, өз лебізін жеткізді.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдиновтың құттықтауын Институт директорының кеңесшісі, саясаттану ғыл. докт., профессор С.М. Борбасов оқып жеткізді.

Белгілі ғалымдар келісті тілегін айтып, келелі баяндама жасады. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» директоры т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы

Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Зерттеулер мен жарияланымдар департаментінің жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Муминов (Түркия)

Еуразия зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер құттықтаулар мен маңызды баяндамалар оқыды

Халықаралық конференцияның пленарлық жұмысының соңында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 25 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған «Ширек ғасыр шежіресі» кітап-альбомының тұсаукесері жасалды. Салтанатты рәсімді өткізу мәртебесіне ие болғандар ф.ғ.д., профессор Дандай Ысқақ, т.ғ.д., профессор Нәбижан Мұқаметханұлы және Өзбекстаннан арнайы келген қонақ Камила Николаева лента қиып, институт ұжымына табыстар тіледі.

Конференцияның секциялық жұмысы онлайн форматта жалғасын тапты. Мұнда әлемнің әр түкпірінен қатысқан шетелдік ғалымдар мен отандық шығыстанушылар маңызды баяндамалар жасады. Халықаралық конференция материалдарының жинағы кітап түрінде жарық көреді.

Осылайша, ширек ғасырлық шежіресі шертілген Шығыстану институтының 25 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтті. Еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары бағалаған мемлекеттік органдардың басшыларына, Елшілік өкілдеріне, шетелдік және отандық ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының басшылары мен ұлағатты ұстаздар және әйгілі ғалымдарға шексіз алғыс білдіреміз. Шығыстану институты жасай берсін!

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/