Ғылым қызметкерлері күні: Шығыстану институтының ғалымдары жоғары марапаттарға ие болды

Ғылым қызметкерлері күніне орай еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін маңызды оқиға орын алды. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бірқатар ғылыми қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин Р. Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығы негізінде ІІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Институттың жетекші ғылыми қызметкері Айнұр Әбиденқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады.
Аталған марапаттар – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұжымының ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін және оның қызметкерлерінің ел ғылымының дамуына қосып отырған үлесінің айқын дәлелі.
Институт ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми қызметтеріне толағай табыс тілейді.


















