ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

638

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Шетелдік архив қорларының жинақтарындағы Қазақстан мен Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы»  жобасын іске асыру шеңберінде «ЭТНОГРАФИЯ ЖӘНЕ АНТРОПОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ» атты халықаралық ғылыми семинар өтті.

Халықаралық ғылыми семинар жұмысына Бельгиялық Лувэн католиктік университетінің перспективті антропология зертханасының белгілі зерттеушілері проф.Анн-Мари Вильмено және Тибо Фонтанари  қатысты.

Профессор Анн-Мари Вильмено 1992 жылдан бастап Қазақстанда, Өзбекстанда, Ладахта антропологиялық зерттеулер жүргізіп, шаманизм мен бакс дәстүрлерін, көшпенділік, сопылық, Тибет буддизмін зерттеумен айналысады. PhD докторы Тибо Фонтанари ұзақ уақыт бойы Қарақорым тауларында далалық зерттеулер жүргізді және Пәкістандағы Исмаилиттер қауымдастығын зерттеумен айналысады.

Онлайн және офлайн форматта өткен ғылыми семинарға интитуттардың ғылыми-қызметкерлері, университет оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

https://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://terc.lpem.org/https://cefta.int/https://upb.iainkendari.ac.id/https://www.cihanturkhotel.com/https://indolivestock.com/https://icrcnewsroom.org/https://nemkv.cz/https://grupovisabeira.com/