Алтайдағы алқалы жұртпен кездесу

471

​ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүкен Мәсімханұлы арнайы шақырумен Өскемен қаласына барып жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумына қатысуда.
Осы форум аясында кеше (08.09.2022) А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Дүкен Мәсімханұлымен кездесу өтті.


«Сәті түскен кездесу: Дүкен Мәсімханұлы» деген тақырыпта өткен жиынға Өскемен қасаласының ғылым және мәдениет өкілдері, сондай-ақ филология және тарих мамандығының мұғалімдері мен студенттері қатысты.


Кездесуде қонақтар Д. Мәсімханұлының ғылыми және рухани шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ оқырман қауым ғалымға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
Кездесу аясында Д. Мәсімханұлы жыр сүйер қауымға өзінің жрекжарды жырларын оқып берді.