Шығыстану институты мен Геральдикалық зерттеу орталығы ынтымақтастық келісімшартына қол қойды

677

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және   ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Геральдикалық зерттеулер орталығының арасындағы ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды.

Геральдика (heraldіca) –  гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласы. Генеология, нумизматика,  палеография cфрагистика сияқты тарихи пәндермен тығыз байланысты. «Геральдика» термині латынның «heraldus» яғни жаршы деген сөзінен шыққан. Ортағасырлық Еуропа  корольдерінің сарайында гербтердің кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және жаңа гербтерді жасайтын арнайы адамдар – герольдтар болған. Кейіннен олар «Герольдия» атты мекемелерге біріктіріледі. Олар Геральдиканыңның белгілері мен бояу түстері ұғымдарының ерекше жүйесін жасады. Геральдика 19 ғасырдыдың 2-жартысынан тарихи пән ретінде қалыптасты.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Д. Мәсімханұлы мен Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры А. Баяжұма ынтымақтастық келісімшарт негізінде мәдени мұраны сақтау, өзара кәсіби мамандармен тәжірибе алмасу, ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу, бірлескен ғылыми іс-шараларға қатысу, тарихи қолжазбалар мен ғылыми ақпараттар мен алмасу т,б. ғылыми шаралар бойынша ынтымақтасып жұмыстар атқару туралы келісті.

Болашақта институт пен орталық арасындағы келісімшарт негізінде ынтымақтастық нығая түсетініне сенім мол.

 

 

Дереккөз: Геральдика ғылымы туралы мәлімет Қазақ Энциклопедиясынан алынды.