ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ, ЖАНЫМХАН ОШАН. КЕРЕЙЛЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ

1235

Сартқожа Қаржаубайұлы, Жанымхан Ошан. Керейлердің этникалық тағдыры. Зерттеулер – Нұр-Сұлтан қ. “Өрнек” баспасы, 2021 – 381 бет.

ISBN 978-601-291-121-5

Орталық Азияда ежелгі дәуірден бері мекендеген тұрғын қауымдар мен халықтар қоғамында биоәлеуметтік (тайпалық) жүйе берік қалыптасқан. Осы жүйенің нәтижесінде мемлекет құрды, ішкі бірлігін сақтап, сырттың басқыншылық жаулығына тойтарыс бере отырып, әлемде түркі атты алып этнос қалыптастырды. Жүйе қалыптастырушы әулет, ру, тайпалар аталмыш этностың тарихи құпиясын ашатын кілт-код.

Монографияда тарихи түпнұсқада сақталған тайпаларды кілт ретінде пайдалана отырып, 1000-3000 жыл бұрынғы хандықтар құпиясын ашуды мақсат еткен.

Түркі этносының ондаған белді тайпаларының бірі бүгінгі қазақтың керей тайпалар бірлестігі. Керейлер қазақ ұлтын құраушы ірі тайпаларының бірі. Керейлердің этникалық тарихын зерттеу арқылы қазақ халқының тарихы ғасырлар тереңінен басталатынын дәлелдейді. Онымен қатар Хунну (сюнну) дәуіріндегі юэчжи (сақ), үйсін, қият, оғуз, қаңлы тайпалық бірлестіктердің тарихын осы әдістеме сорабымен зерттеуге жол ашады дегенге сенімдіміз.

Монография тарихшыларға, студенттерге, магистранттар мен доктрантарға және қазақ елінің тарихына қызығушылықпен оқитын қалың оқырмандарға арналған.

 

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/