Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 25 жылдығына орай «Қазақстан және Шығыс әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

1262

АҚПАРАТ ХАТ

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2021 жылы 25 қарашада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 25 жылдығына орай «Қазақстан және Шығыс әлемі: өткені, бүгіні және болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты – Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, сондай-ақ, өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау, проблемалары мен перспективаларын қарастыру.
Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс және келесі бағыттар бойынша бөлімдерде жұмыс жасалады деп жоспарланып отыр:
• Қазақстан шығыстану ғылымының дамуы және дүниежүзілік ориенталистиканың жаңа трендтері;
• Қазақстан мен Шығыс елдері халықтарының тарихы, діні, тілі, әдебиеті мен мәдениеті қатысты жаңа шығыс және батысеуропалық жазбаша, мұрағаттық, ауызша материалдар, артефактілер;
• Қазақстан Республикасы ұлттық басымдықтары контексіндегі Шығыс пен Батыс елдерінің мәдени, рухани, саяси және экономикалық жүйелерінің әрекеттестігі проблемасы;
• Қазақстанның Таяу және Орта Шығыс, Азиялық-Тынықмұхиттық аймағы, Орталық және Оңтүстік Азия елдерімен жаңа сынақтар мен қатерлер жағдайында екі жақты және көпжақты ынтымақтастығы мен стратегиялық серіктестіктігінің келешегі;
• Қауіпсіздікті нығайту және халықаралық ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы Қазақстан бастамалары контексіндегі диалогтар;
• Заманауи жаһандану мен аймақтық үдерістерге байланысты шығыс қоғамдары өзгеруінің саяси-экономикалық және тарихи-мәдени аспектілері.
Офлайн және онлайн форматта өтетін конференция жұмысына Қазақстан мен шет елдердің белгілі шығыстанушы ғалымдары, тарихшылар, мәдениеттанушылар, филологтар, дінтанушылар, саясаттанушылар, экономистер, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, дипломаттар, мемлекеттік билік органдары, бизнес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Конференция жұмысына қатысуға шақырамыз және 2021 жылдың 15 қарашасына дейін баяндама тақырыбы мен мақала мәтінін orientalstudies.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберулеріңізді өтінеміз.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Мақалаларды рәсімдеу кезінде төмендегі талаптарды ұстану қажет: электрондық нұсқадағы машинамен басылған мәтіннің көлемі 10-12 бетке дейін. Қарпі – Times New Roman, кеглі – 14; жоларалық интервалы – 1; енінен туралау; абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, ал, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.
Тақырыпты рәсімдеу (бас әріппен, қалың қаріппен, ортасы бойынша туралау) МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); келесі жолда (қарпі – қалың курсив, оң жаққа туралау) – толық аты-жөні; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, қызмет орны, қаласы; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – байланыс E-mail-ы; бір жолдан кейін – мақаланың мәтіні. Әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелерді шаршы жақшаға алынған араб цифрларымен рәсімдеген жөн, мәселен, [1, 277 б.]. Әр беттік автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.
Баяндаманың соңында түйін жасалады, егер баяндама орыс тілінде жазылған жағдайда – қазақ және ағылшын тілдерінде, ал қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде түйін болуы керек.
Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, пошталық және электрондық мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Ұйымдастыру комитеті мәлімделген тақырыптама мен рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде сақтап қалады.

Ұйымдастыру комитеті
050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты.
Анықтама телефондары: 261-16-01, 87472808514 Алтынгүл;
e-mail: orientalstudies.kz@gmail.com

Қатысушы өтініші
1. Аты-жөні
2. Қала
3. Мекеме, қызметі
4. Ғылыми дәрежесі, атағы
5. Ұялы телефон нөмірі
6. Электронды адрес
7. Баяндама тақырыбы
8. Секция атауы

Онлайн қатысушылар үшін зум-ға қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/81104904365?pwd=NytDZExacW1jb2hyMjQ0VmFZczBHQT09
Конференция идентификаторы: 811 0490 4365
Қосылу коды: 158761

https://pria.org/https://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/https://empowerment.co.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://rskiasawojajar.co.id/https://bantenheadline.com/wp-includes/files/https://satvika.co.id/https://baritoutarakab.go.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://pafiaekkanopan.org/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://bmn.iainkediri.ac.id/https://icrcnewsroom.org/https://pmb.umus.ac.id/