«АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР, ЖАЗБАША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН АРТЕФАКТІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

1399

Бүгін (15 наурыз 2021 ж.) Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін зерделейтін Археографиялық қоғамдастық аясында ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен «Архивтік құжаттар, жазбаша дереккөздер мен артефактілерді зерттеудегі жаңа тәсілдер» атты  ғылыми семинар  Zoom  платформасында онлайн-режімде өтті.

Ғылыми семинарға маман-ғалымдар, ізденуші жастар қатысты. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы кіріспе сөз сөйлеп, ғылыми шараның ойдағыдай өтуіне сәттілік тіледі.

Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін зерттеуде жас мамандарды даярлау аса өзекті мәселе. Соған байланысты мұндай ғылыми жиналыстарды ұйымдастырып тұру – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да аталмыш семинар –  визуалды артефактілерді археографиялық зерттеу әдіснамасы мен әдістемелік мәселелерін зерделеу, эпиграфика және эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен таныстыруды мақсат тұтты.

Семинарда аталмыш тақырыпты жан-жақты зерттеп жүрген маман-ғалымдар, докторант, магистранттар мен ізденуші жастар баяндама жасады. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпараттық орталықтың директоры Әбусейітова Меруерт Қуатқызы «Алтын Орда тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа дереккөздер» атты баяндамасында, жастардың қызығушылығын тудыратын көптеген өзекті мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар, т.ғ.д., профессор, Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Зерттеулер мен жарияланымдар департаментінің жетекшісі Муминов А.К. («Визуалды артефактілер тарихи дерек ретінде»), т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Сұлтанғалиева Г.С. («Татарстан Республикасының архив құжаттары материалдары бойынша Қазан қаласындағы медреседегі қазақ жастары (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы)»), т.ғ.к., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұрманова А.Ш. («Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштер: дереккөздік мүмкіншіліктері және оқу мәселелері»),  т.ғ.к., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Медерова Д.Е. («Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштер: марсиялар, аяттар, терминдер»), Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Дүйсенов Б.Д. («Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштердің тілі: графика, фонетика, лексика»),  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Құрманбаева К.С. («Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштердің зерттелу тарихы»),  т.ғ.к., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ужкенов Е.М. («Виртуалды кеңістіктегі қалаларды қайта құру тәжірибесі мен іске асырылуы») өз баяндамаларында тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына, кейбір зерттеу жұмыстарының қиындығы мен қызығына мән берді. Сондай-ақ жойылып бара жатқан эпиграфика және эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу уақыт күттірмейтін мәселе екенін талқыға салды.

Ақпаратты дайындаған Құрманғазы Жұмағұл

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/