Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері шықты

795
Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері шықты
Комиссия шешімі негізінде 10 202 адам грант иегері атанды.
Жоғары конкурс нәтижелері педагогтерді даярлау, құқық, менеджмент, ақпараттық технологиялар, филология, аударма ісі бағыттары бойынша болды.
Кешенді тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш «Шет тілі педагогтерін даярлау» бағыты бойынша оқуын жалғастыруға ниетті азаматта тіркеліп, 134 балды құрады (150 балдың ішінен), ал ең төменгі көрсеткіш – 75 балл (ветеринария бағыты бойынша) болды.
8 қыркүйектен бастап әкімдіктердің гранттарына құжаттар қабылданады.
11 қыркүйекте жоғары оқу орындарына қабылдау аяқталады.
14 қыркүйекте магистранттар үшін жаңа оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Дегенмен лабораториялық жұмысты қажет ететін түрлі бағыттар үшін қазан айынан бастап ішінара қашықтан оқыту форматы қолданылуы мүмкін. Нақты ақпаратты ЖОО алуға болады.
(толығырақ: https://t.me/edu_news_qz/971).