Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ғылыми кеңесінің жиналысы өтті

1610
Бүгін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Ғылыми кеңесінің жиналысы өтті. Жиналысқа Ғылыми кеңес мүшелері мен Институт қызметкерлері қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіне сай, әуелі, ғылыми жобалардың жылдық есебі тыңдалды. Жоба жетекшілері ғылыми жобалар бойынша баяндама жасап, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстармен таныстырып, жеткен жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті. Институт директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы осы уақытқа дейінгі атқарылған жобалар мен іс-шаралардың мәні мен маңызына тоқталып, Институт ғалымдарының ары қарай да өніміді де жемісті еңбек ете беруіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, алдағы жобалар мен жоспарлар төңірегіндегі мәселелерді де талқылады.