Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ. ҚЫТАЙ ТУРАЛЫ ҚЫРЫҚ СӨЗ

436

Қытайтану   – бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен қанат жайып, тез өсіп келе жатқан елтану ғылымы. Алайда оның көкейкестілігін, оның мақсаты мен міндетін әр ел синологтары өзінше сипаттайды. Ол әрине орынды да. Себебі бұл мәселені әр ел өзінің саяси-әлеуметтік әлеуеті мен мүмкіндігі және содан туындайтын өз мүддесі тұрғысынан қарастырады. Ал қазақстандық  қытайтану ғылымының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері  де тек өз еліміздің мүддесі мен әлеуетін басшылыққа алуға тиіс.

Осы ұстаным бойынша белгілі қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының көп жылдан  бергі қытайтану ғылымы бағытында жазған ғылыми-танымдық мақалалары, мерзімді баспасөзге берген сұхбаттары осы кітапқа топтастырылып отыр.

Кітап жоғары оқу орындарының қытай тілі, қытайтану, шығыстану, халықаралық қатынас, аймақтану, жалпы тарих, мәдениеттану, туризм, дінтану т.б. мамандықтарда оқитын студенттерге, қытайтанушы жас мамандарға, сонымен бірге  қытай елі  туралы білгісі келетін  жалпы оқырманға арналған.

Деректер https://kitap.kz/book/duken-masimxanuly-qytaj-turaly-qyryq-soz алынды.