ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР.

833

Аналитикалық зерттеу / Дүйсен Ғ.М., Айтжанова Д.А., Джалилов З.Г. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, 2020. – 92 б.

Жазба түрінде дайындалған аналитикалық зерттеуде Қазақстанның сыртқы саяси қызметіндегі негізгі проблемалар және шынайы уақыт жағдайында оларды шешу жолдары қарастырылған. Авторлар жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан мен ОА елдерінің сыртқы саясатының проблемаларын зерттеген. Геосаяси процестер контексінде ОА елдерінің қазіргі даму жағдайына талдау жасалды. Дағдарыс салдарын еңсеру жағдайында ОА елдерінің тұрақты дамуын шарттайтын аймақтағы сыртқы саясаттың көпвекторлылығы және қауіпсіздігінің негіздерін қалыптастыратын ғылыми-методологиялық тәсілдер негізделген.

Материал № ВR05236550 «Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдері сыртқы саясатының көпвекторлылығы және қауіпсіздігі» (2018-2020 жж.) атты ҚР БҒМ мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша жасалған зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған.