ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары

1026

Редакциясын басқарған М. Қ. Әбусейітова. Құрастырушылар: Н. Ж. Шаймарданова, З. С. Табынбаева. Алматы: Шығыс пен Батыс, 2020. 630 б.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағында «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» ғылыми пәнаралық бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеу нәтижелері жарияланған. Ұлы дала тарихы мен мәдениетін зерттеуде жаңа тәсіл және ұлттық тарихқа толыққанды көзқарас қалыптастыру үшін қазақстандық институттар мен ғылыми орталықтардың қатысуымен жүргізілген зерттеулерге тұңғыш ретшетелдік сарапшылар да қатысып отыр. Конференцияға қатысушылар мен жоба орындаушыларының баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде этногенез бен этникалық тарих проблемалары, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері, жаңа көзқарастар мен пәнаралық әдістерге негізделген ұлттық бірегейлікті сақтау мен нығайту тұрғысындағы қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері қарастырылған. Кітап шығыстану, тарих, археология, антропология, генетика саласындағы мамандарға, Ұлы даланың көшпелі өркениетінің тарихи-мәдени негіздеріне ғана емес, сонымен бірге қазіргі Еуразия тарихына қызығатын барлық оқырманға арналған.