Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Бағдарламалық мақаласы аясындағы «Мұрағат-2025» Бағдарламасы

1095

Президент Н.Ә. Назарбаев «Мәдени мұра» (2004-2009 жж.), «Халық тарих толқынында» (2014-2016 жж.) мемлекеттік бағдарламаларының нәтижелеріне жоғары баға берді, осы бағдарламалар аясында құрылған құрылған ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы олардың жұмысына атсалысты. Орталық қызметінің маңызды бағыты – отандық және және шетелдік мұрағаттар, кітапханалық қорларда айқындалған бірегей жазба құжаттар, мұрағат материалдары мен артефактілерді кешенді зерттеу. Осы жұмыстың маңыздылығы мен нәтижелілігінің арқасында, жүйелі де ұзақ мерзімді іздену-зерттеу жұмыстарына арналған Президент Н.Ә. Назарбаевтың жеті жылдық «Мұрағат-2025» бағдарламасына бастамашылығы куә болып отыр.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыратын Ұлттық комиссия мәжілісінің 2018 жылғы 12-желтоқсандағы хаттамасын орындау мақсатында, «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік мұрағаттар мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрлау)» атты зерттеу жобасын орындау көзделген.

Жоба мақсаты. Шетелдік мұрағаттар мен қорларда айқындалған тарихи материалдарды айқындау, талдау және цифрлау; Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша жазбаша дереккөздер мен мұрағат материалдарының электрондық-цифрлық қорын жасау.

«Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік мұрағаттар мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрлау)» атты зерттеу жобасын ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты іске асырады. Осы жобаны орындайтын институттардың халықаралық дәрежеде танылған ғылыми іргелі зерттеулерінің жоғары дәрежесі бар. Ғылыми жетекшілер – республикалық және халықаралық мәні бар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруда қомақты тәжірибе иесі, сонымен қатар, монографиялар, жинақтар, оқу құралдары мен хрестоматиялардың авторы.

Жоба нәтижесі. Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік мұрағаттар мен қорларда айқындалған жазба деректемелер, мұрағат материалдары мен артефактілерді жүйелеу, каталогтау, зерделеу, талдау, цифрлау және оларды ғылыми айналымға енгізу. Шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып, халықаралық ғылыми семинар және шеберлік класын өткізу. Отандық және шетелдік ғылыми басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс нәтижелерін кеңінен жаю – қоғамдық сананы жаңғырту мен қазақстандық ғылымның имиджін арттыруға себепші болады.

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/