“Ұлы дала тарихы және мәдениеті” халықаралық конференциясы өтті

1008

“Ұлы дала тарихы және мәдениеті”  халықаралық конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның ғылыми-зерттеу Институттары мен Орталықтары 2018-2020 жылдарда ұлттық тарихты тұтастай көруді қалыптастыру, тарихи жадыны, сабақтастылықты сақтау және ұқсастылықты қалыптастыру мақсатында “Ұлы дала тарихы және мәдениеті”  пәнаралық ғылыми бағдарламасын жасаған болатын. Тарих пен мәдениеттің өзекті мәселелеріне қатысты жаңа теориялық-методологиялық тәсілдер мен тұжырымдарға қатысты үш жылғы зерттеулер нәтижесін ғалымдар онлайн режімде өткен конференция барысында ортаға салды.

Конференцияда Ұлы даланың этногенезі және этникалық тарихы;

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы;

Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру мәселелері талқыланып, ғалымдар өз ойларын ортаға салды.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында және Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту” атты Бағдарламалық мақаласы мен 2018-2020 жж. арналған ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы контексінде тоғыз ғылыми-зерттеу институты мен орталығы: ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы;

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты;

ҚР БҒМ ҒК Ә. Марғұлан атындағы Археология институты;

Жалпы генетика және цитология институты жанындағы Популяциялық генетика зертханасы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Халықаралық “Геоархеология” ғылыми-зерттеу зертханасы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы “Дүниежүзі тарихын зерттеу”  Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы “Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу” Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы;

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы “Айтылған тарих” Ғылыми-зерттеу орталығы;

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті РМК жанындағы Республикалық Физикалық антропология зертханасы “Ұлы Дала тарихы және мәдениеті” пәнаралық ғылыми Бағдарламасын іске асыруда.

Бағдарлама алғаш рет пәнаралық дәрежеде жүзеге асуда және Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту туралы идеясын жүзеге асыратын қоғамдық-гуманитарлық саладағы нақты нәтиже болып табылады.

“Ұлы Дала тарихы және мәдениеті” бағдарламасы негізгі төрт бағытта орындалуда: этногенез және этникалық тарих;

қазақ мемлекеттілігінің тарихы;

Қазақстан тарихындағы ұқсастылық пен жаңғыру;

ұдайы әрекеттегі онлайн-платформа жасау.

 

 

 

 

 

Бағдарлама нәтижелері білім, ғылым және мәдениет салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу, сәйкес министрліктер мен ведомстволардың практикалық сұратуларын орындау бойынша ұзақ мерзімді ұсынымдарды қалыптастыруға жәрдемдесетін Қазақстандағы білімді дамытуға ендіру үшін қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, жаңадан айқындалған тарихи архив материалдары жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептер, оқулықтар мен оқу құралдарына арналған бағдарламаларды құрастыру кезінде пайдаланылады.

Ұлттық тарихты тарихи жад, сабақтастылық, Қазақстан халқының ұқсастылығын қалыптастыру түріндегі зерттеулер қазақ мемлекеттілігінің тарихын қалпына келтіріп, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасын тұтастай көруді қалыптастыруға себепші болады. Тұтастылық пен жүйелілік барынша толық белгіленеді, өйткені, біздің тарих – көнетүркі мемлекеттері мен қазіргі Қазақстан тарихы – бір тізбектің буындары екендігін білдіреді. Демек, ең көне мемлекеттер тарихының қазіргі тарих тәрізді маңызы бар.

Дүниежүзілік жүйедегі Қазақстан Республикасының рөлі мен алатын орнын зерделеудің кешенді сипаты мен пәнаралық тәсілінің Шығыс пен Батыс өркениеттерін зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жобаны орындаушылар мемлекеттілік, көшпелілертану, халықаралық қатынастарды зерделеуде түбегейлі жаңа тәсілдерін әзірлеп, тарихи процестерге қайта ойлап қарауда.

Зерттеулердің түпкі нәтижесі іргелі жинақтаушы еңбектер мен монографиялар, Мемлекет Басшысына Баяндама түріндегі нәтижелік кешенді есеп, шетел және қазақстандық ғылыми журналдардағы жарияланым түрінде ұсынылады.

2019 жылы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығы мен Алматы қаласы Әкімдігімен бірлесе отырып, шетел сарапшылары қатысқан, “Ұлттық тарихтың кеңістігі мен уақыты” атты ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысына “Ұлы дала тарихы мен мәдениеті”  бағдарламасын орындаушылары, ҚР академиялық және білім мекемелерінің өкілдері, шетел сарапшылары (проф. Анна-Мари Вилемено, д-р Татьяна Сирбу, Лувэн Университеті, Бельгия) қатысты.

2019 жылы Орталық Азияны зерделейтін Еуропалық қоғамдастықтың (ESCAS) 16th Biennial Conference “The Globality of Central Asia” халықаралық конференциясында ғылыми бағдарлама ұсынылып, онда жаңа ғылыми бағдарламасын ұсынатын “Жаһандық тарих контексіндегі Ұлы Дала” атты арнайы панелін өткізді.

Өткен жылы бағдарлама аясында Бельгия, Жапония, Ресей сарапшылары Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына халықаралық ғылыми экспедициясына қатысты. Экспедиция барысында, ғалымдар Ақбауыр және Берел қорғандары мегалиттік кешені (Шығыс Қазақстан облысы) аумағында, Ақкелін тарихи-мемориалдық кешені және М.Ж. Көпеевтің кесенесінде (Павлодар облысы) түздік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, сарапшылар тарихи ескерткіштерді ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізу ұсынысын жасаған дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл іс-шаралар қазақстандық ғылымның имиджі мен оның бәсекеге жарамдылығын арттыруға себепші болады.

“Ұлы Дала тарихы және мәдениеті” атты қорытынды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына шетелдік және қазақстандық ғалымдар қатысты. Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Сирия, Үндістан, Қытай, Жапония, Израиль, Германия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың 80-нен астам ғалымы онлайн-баяндама жасады.

Дереккөз:https://egemen.kz/article/246975-uly-dala-tarikhy-dgane-madenieti-khalyqaralyq-konferentsiyasy-otti