«АЛТЫН ҚАЛАМ» – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

15

Австралияның Сидней қаласында орналасқан әлемге әйгілі Сидней опера театрында Халықаралық ақындар PEN клубының беделді «Алтын қалам» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген көрнекті ақындар, қаламгерлер, әдебиеттанушылар мен халықаралық мәдени ұйымдардың өкілдері қатысқан бұл шара қазіргі заман поэзиясының жаһандық деңгейдегі маңызын айқындай түсті.

Аталған беделді халықаралық марапат биыл белгілі қазақ ақыны, көрнекті аудармашы, танымал қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлына табысталды. Бұл – қазақ сөз өнерінің, ұлттық поэзия мен көркем ойдың әлемдік әдеби кеңістікте жоғары бағалануының айқын дәлелі.

«Алтын қалам» сыйлығы – әдебиет пен поэзия саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, көркемдік деңгейі жоғары, рухани-адамгершілік мазмұны терең шығармаларымен халықаралық оқырман қауымның ықыласына бөленген қаламгерлерге берілетін аса беделді марапат. Дүкен Мәсімханұлының шығармашылық мұрасы мен ғылыми еңбектері қазақ әдебиетін әлемге танытуға, Шығыс пен Батыс әдеби дәстүрлері арасындағы рухани сабақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Бұл марапаттың табысталуы – жеке қаламгердің шығармашылық жетістігімен қатар, қазақ әдебиетінің халықаралық деңгейдегі беделін арттырған маңызды мәдени оқиға. Сондай-ақ бұл жетістік Қазақстанның мәдени дипломатиясы мен гуманитарлық ғылымдарының әлеуетін айқын көрсетеді.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты үшін бұл оқиға ерекше мәнге ие. Институт қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Шығыс өркениеттерінің тілін, әдебиеті мен мәдениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу, ұлттық рухани құндылықтарды халықаралық ғылыми және мәдени кеңістікке жүйелі түрде таныту. Осы тұрғыдан алғанда, Дүкен Мәсімханұлына табысталған «Алтын қалам» сыйлығы отандық гуманитарлық ғылым мен әдебиеттанудың халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі болып табылады.

Бұл жетістік жас ғалымдар мен қаламгерлерге рухани серпін беріп, қазақ сөз өнерінің болашағына деген сенімді нығайта түседі. Поэзия мен көркем ойдың халықтар арасындағы мәдени диалогты дамытудағы маңызы тағы бір мәрте айқындалды.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Дүкен Мәсімханұлын Халықаралық ақындар PEN клубының «Алтын қалам» сыйлығымен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды. Қазақ әдебиетінің халықаралық кеңістіктегі беделі артып, ұлттық руханиятымыздың жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

Құтты болсын, Қазақ елі!
Бұл марапат – қазақ сөз өнерінің, ұлттық руханияттың әлемдік деңгейдегі салтанаты.


slot danahttps://cefta.int/