16 Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, қадірлі отандастар!
Тәуелсіздік күні – халқымыздың рухын асқақтатқан, елдігімізді айшықтаған ұлы мереке. Бұл күн – бабалар аманатының орындалып, азат ел атанғанымыздың тарихи айғағы.
Егемендік бізге бейбіт өмір мен жарқын болашаққа деген сенім сыйлады. Бірлік пен татулықты басты құндылық еткен еліміз қысқа мерзім ішінде биік белестерді бағындырып, әлемге танылған мемлекетке айналды. Бұл – ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың ортақ жеңісі.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Жүректеріңізде Отанға деген мақтаныш пен сенім арта берсін. Көк Туымыз мәңгі желбіреп, Қазақстанымыз бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені бола берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!












