Дүкен Мәсімханұлы халықаралық «Алтын қалам» сыйлығына ие болды.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы дарынды ақын, әйгілі аудармашы, көрнекті шығыстанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлын халықаралық беделді «Golden Pen Award» («Алтын қалам») сыйлығымен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды!

Австралияның Сидней қаласында орналасқан Poets International Pen Club (PIPC) ұйымы ақын Дүкен Мәсімханұлына әлемдік поэзия саласындағы ең жоғары марапаты — «Golden Pen Award» («Алтын қалам») сыйлығын табыстау туралы шешім қабылдағаны жөнінде қуанышты хабар жетті.

Бұл – тек бір тұлғаның жетістігі ғана емес, қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына, жалпы еліміздің руханиятына көрсетілген зор құрмет.
Ақынның шығармашылық еңбегі мен ұлттық әдебиетке қосқан айрықша үлесі халықаралық деңгейде мойындалуы – барша қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш.

Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылдың желтоқсан айында Сидней опера театрында өтпек.

Қадірлі Дүкен Мәсімханұлы!
Сізге шығармашылық шабыт, толайым табыс, жаңа биіктер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Еліміздің абыройын асқақтата беріңіз!

Ізгі тілекпен,
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы

slot danahttps://cefta.int/