Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты делегациясы Будапештте Алтын бұғы мүсінінің ашылу рәсіміне қатысты

28

2025 жылғы 15 маусымда Будапешт қаласында Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы Мажарстандағы Өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен Алтын бұғы (Csodaszarvas) мүсінінің ашылу салтанатына Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Бұл рәсімге Мажарстандағы Түркі Мемлекеттері Ұйымының Мажарстандағы Өкілдігінің атқарушы директоры Балас Хендрич, Мажарстан Ұлттық Банкінің Президенті Михали Варга, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркі инвестициялық қорының Президенті Бағдат Әмреев, Түркия Республикасының Мажарстандағы Елшісі Гүлшен Каранис Экшиоглу, Әзірбайжан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Тахир Тагизаде, Қырғыз Республикасының Мажарстандағы Елшісі Талантбек Күшчубеков, Өзбекстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Өйбек Шахавдинов, шығыстанушы ғалымдар, PhD Болатбек Батырхан пен Нұртас Әбдімомынов және мажарлық ғылым мен мәдениет саласы қызметкерлері қатысты.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы салтанатты жиын аясында Мажарстанның бірқатар ғалымдарымен кездесті.

Мажар халықтарындағы Алтын Бұғының маңызы өте терең және көне мифологиялық, мәдениет тарихымен тығыз байланысты. Алтын Бұғы – бұл мажар мифологиясындағы қасиетті символ, әсіресе көне түркі және фин-угор халықтарындағы аңдық стиль мен тотемдік түсініктердің көрінісі ретінде белгілі. Алтын Бұғы мүсінінің авторы венгр мүсіншісі Шандор Дьерфи.

 

 

slot danahttps://cefta.int/