ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНДА ҚЫТАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының (СASS) ғалымдары Экономика институтының бұрынғы директоры және ғылыми қызметкері Пэй Чангхон, Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия зерттеулері институтының Ресей экономикасын зерттеу бөлімінің жетекшісі және ғылыми қызметкері Сюй Полинг және Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия зерттеулері институтының Орталық Азия зерттеулері бөлімінің ғылыми қызметкері Лю Чанмен ғылыми кездесу өткізді.
Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы (CASS) Қытайдағы философия және әлеуметтік ғылымдар салаларын жан-жақты зерттейтін жетекші академиялық ұйым болып табылады. CASS 1977 жылы мамырда Қытай ғылым академиясының философия және әлеуметтік ғылымдар бөлімінің орнына құрылған болатын. Қазіргі уақытта академия 45 ғылыми-зерттеу институты мен 300 ғылыми орталықтан тұрады. Академияда барлығы 4200-ден астам ғылыми қызметкер еңбек етеді, оның 3,200-ден астамы – кәсіби зерттеушілер.
Екі жақты кездесу барысында институттың ғалымдары мен меймандар Қазақстан-Қытай достық қарым-қатынасын нағайтуға қатысты ортақ жобаларды, ғылыми конференциялар, семинарларды бірлесіп өткізу, Қытайдың ежелгі архивтік құжаттарында сақталып келген ежелгі қазақ тарихына қатысты деректерді ғылыми айналымға енгізу туралы ұсыныстар талқыланды.
Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ғ.М. Дүйсен Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының ғалымдарына жемісті кездесу үшін алғысын білдіріп, институттың жанынан шығатын басылымдарды сыйға тартты.