«Қытайдың ұлттық территорияларындағы автономия саясаты: эволюциясы мен тенденциясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

233

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2024 жылы 18 қазанда «Қытайдың ұлттық территорияларындағы автономия саясаты: эволюциясы мен тенденциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция «ҚКП-ның азсанды ұлттар саясатының Шыңжаңда атқарылуы: тарихы, бүгіні және келешегі» атты ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру бағдарламасының күнтізбелік жоспары бойынша өткізілді. Атаулы конференцияны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы алғысөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Д. Мәсімханұлы конференция қатысушыларына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі басқылығының конференция жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдірген арнайы құттықтау хатын жеткізді. Конференцияға белгілі отандық, шетелдік қытайтанушы, шығыстанушы, тарихшы ғалымдар және докторанттар мен магистранттар қатысты.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым қатысып, конференция жұмысына табыс тілей отырып, өзінің баяндамасында ҚХР қазіргі автономиялық өңірлеріндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени-рухани жағдайларға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, конференцияға онлайн және офлайн қатысқан Үндістан, Жапония, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан секілді елдерден қатысқан көрнекті қытайтанушы мен тарихшы ғалымдар конференция тақырыбына байланысты өте өзекті әрі маңызды баяндамалар жасады.

Халықаралық ғылыми конференцияда орындалып жатқан бағдарлама аясында жоба жетекшісі әйгілі қытайтанушы ғалым, профессор Дүкен Мәсімханұлы мен тарихшы ғалым, поофессор Нәбижан Мұқаметханұлының авторлығымен жарық көрген «Қытай компартиясының Шыңжаңдағы ұлттық саясаты» атты көлемді монографияның тұсауы кесілді.
Халықаралық ғылыми конференция соңында Институттың Бас директоры Д. Мәсімханұлы барлық қатысушы ғалымдар мен баяндамашыларға, қонақтарға шынайы алғысын білдірді.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/