Белдеуін берік тартқан Қытайдың бастар жолы тура ма?

694
(Қазақ ғалымдарының «Белдеу және жол» бойынша зерттеу еңбегіне талдау)
Соңғы онжылдықтың көлемінде әлем елдерінің тек академиялық әрі саяси ортасында ғана емес, жалпы қарапайым халықтың аузынан түспейтін тақырыптардың бірі Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы екені жасырын емес. Біреулер бұл бастамаға сескеніп қараса, бірі үлкен мүмкіндік екенін алға тартып жатады. Ал енді кейбіреу­лер қытайлық бастаманы әрқашан тереңнен ойлайтын Қытай билігінің өзгелерді өзінің саяси-экономикалық құрығына түсіру мақсатында жасап отырған айлакер саясаты деп ат тондарын ала қашып жатқандары да бар. Осы тектес әр түрлі пайымдар қазақ қоғамында да кеңінен кездеседі.Біріміз «іргеміз түйісіп жатқан әлемдік екінші экономика болып табылатын алып мемлекетпен терең сауда-экономика­лық қарым-қатынастар орнатып, ынты­мақ­тастықтың жемісін көрмесек, бұл үлкен та­ри­хи қателік болады» десек, енді біріміз «қы­тайлық бастама аясында келер инвестиция мен несие – ел мойнына түсер қылбұрау» деп іргемізді алшақ ұстауға шақырамыз. Мұ­­ның бәрі ақпарат тапшылығынан немесе бір­жақты ақпараттардың басымдық алуынан туындап отырған екіұдай пайым екені анық.Соның ішінде, әсірсе қазақ тіліндегі ке­шенді зерттеулерге сүйенген тұшымды жұ­мыс­тардың аздығы және жұртшылықтың ғы­лыми негізделген іргелі еңбектерден гөрі үс­тірт жазылған жеңіл-желпі ақпараттарға үйі­рсектігі әрқилы алып-қашпа әңгімелерге мұ­рындық болып отыр. Жақында осы ол­қылықтың орнын толтырарлық салмақты ғы­лыми еңбек жарыққа шықты. Р.Сүлей­ме­нов атындағы Шығыстану институтының ғы­лыми қызметкерлері, қытайтанушы ға­лым­дар Айнұр Әбиденқызы мен Құрмет Қа­дылғазыұлының «Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы және Қазақстанның эко­номикалық мүддесі» атты монографиясы тек ғылым-білім саласында жүрген жандар үшін ғана емес, елдің ішкі-сыртқы саясатына қатысты жаңалықтарға құлақ түріп жүре­тін барша жұрт үшін құнды еңбек екенін баса айтуымыз керек.Зерттеу жұмысы экономика, саясаттану, халықаралық экономикалық қа­тынастар мен қытайтану саласының мамандары мен ізденушілеріне арналғанымен, ең­бектің қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бас­тамасы жайлы және оның елімізге әсері тура­лы тереңірек білгісі келетін барлық оқыр­манға қажет салмақты жұмыс екенін айта кету керек. Бұл зерттеу қытайлық «Бір бел­деу, бір жол» бастамасының тек сауда-эко­номикалық ынтымақтастық пен өңірдің инф­рақұрылымдық дамуына тигізер әсер­лерін ғана зерделеп қоймай, қытайлық мега­жо­баның тарихи, саяси-экономикалық ал­ғы­шарттары, ресми Бейжіңнің геостра­те­гия­лық пайымының табиғатына терең үңіледі.

 

Ең алдымен кітаптың тақырыбынан-ақ ға­лымдардың қытайлық «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысты ұстанымдарын бір­ден байқауға болады. Қытай билігі «Бір бел­деу, бір жолды» әрқашан «бастама» () деп атауды жөн көреді. Жоба, бағдарлама, жос­пар не стратегия дегенге қарағанда бас­тама терминінің анағұрлым жұмсақ естілері анық. Ресми Бейжің «Бір белдеу, бір жол­дың» тартымдылығын арттыру үшін және өзгелерді үркітіп алмау үшін «бастама» деп атай­тыны сондықтан. Яғни, Бейжіңнің пайымынша, Қытай мемлекеті ұсынып отыр­ған ізгі «бастаманы» өзге мемлекеттер өз еркімен, өз ынта-ниеттерімен қостаса, жал­пы адамзаттың игілігі үшін жұмыс істемек. Себебі жұмыр жерде ғұмыр кешкен бар­ша «адамзаттың тағдыры ортақ». Ал кітап ав­торлары қытайлық бастаманы «Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы деп нақты атайды. Авторлардың пайымынша, «Бір бел­деу, бір жол» – теориялық тұрғыда тұ­жырым­далған, құқықтық-нормативті негізі бе­кітілген, жүзеге асыру тетіктері нақ­ты­лан­ған және қажетті қаражатты ұсынатын қар­жы институттары қалыптасқан қытайлық стратегиялық жоба. Ғалымдар өз ең­бек­терін­де осы пайымдарын кешенді зерттеулер мен талдаулар арқылы дәлелдеп береді.

«ҚХР-ның «Бір белдеу, бір жол» стра­тегия­сы және халықаралық геосаяси жағ­дай»; «ҚХР-ның «Бір белдеу, бір жол» ст­­­ра­тегиясының алғашқы кезеңі: мүм­кіндік­тер мен проблемалар»; «ҚХР-ның «Бір бел­деу, бір жол» стратегиясы және Қазақстан: эко­но­­­микалық мүдделер, мүмкіндіктер және сын-қатерлер» деп аталатын үш тараудан жә­не «Қытай ғалымдарының «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы туралы пайымдаулары» атты қосымша бөлімі бар. 20 баспата­бақ­тан тұратын зерттеуде қытайлық бас­та­ма­ның тарихи, саяси-экономикалық алғы­шарттары мен жобаның мазмұны, мақсат-міндеттері жан-жақты ашып көрсетіледі. 2013 жылы Си Цзиньпин Астанада Назарбаев университетінде «Бір белдеу, бір жол» бас­тамасын алғаш рет әлемге жария еткенімен, бұл жоба жаңа сайланған ҚХР төра­ғасының өзі төтесінен шығарған тың бағ­дарлама емес Дэн Сяопин реформасының заң­ды жалғасы деген пайым жасайды авторлар. Кітапта келтірілген статистикалық көр­сеткіштерге жүгінсек, ҚХР-ның ЖІӨ 40 жыл­да 335%-ға еселенген. 1978 жылы Қы­тайдың ЖІӨ 367,9 млн юань болған болса, 2017 жылы елдің ЖІӨ 80 трлн юаньді құра­ған. Яғни, 1978 жылы Қытайдың әлемдік эко­номикадағы үлесі 1,8 % құраса, 2017 жылы 15%-ға жеткен. Ал 2022 жылы бұл көр­сеткіш 18,5%-ға жетіп қана қоймай, Қытайдың әлемдік экономиканың өсуіне қосқан үлесі 30%-дан асып түскен. Сонымен қатар Қытай валюта қоры бойынша әлемде 2006 жылдан бері бірінші орында. 2022 жылы елдің валюта қоры 3,13 трлн АҚШ долларын құраған. Саяси-экономияда жиі айтылатын: «Бір мемлекет дамыған сайын, оның эко­но­микалық құрылымындағы ауылшаруа­шы­лығы секілді дәстүрлі шаруашылықтардың үлесі азайып, өнеркәсіп саласының үлесі ар­тады. Экономиканың ұдайы дамуы ғы­лым-техника мен жаңа технологияларды не­гіз ететін қызмет көрсету саласының же­ті­л­­уі­не әкеледі» дейтін қағидат Қытай мысалында нақты көрініс тапқанын байқаймыз. Кітапта көрсетілгендей, 1978 жылы Қытай экономикасындағы ауылшаруашылығының үлесі 80%-дан асқан болса, 2018 жылы ел экономикасындағы ауылшаруашылығының үлесі небәрі 7,9%-ды, ал өнеркәсіп пен қыз­мет көрсету салалары сәйкесінше 40,5% жә­не 56,1% құраған. Осы көрсеткіштерге қа­рай отырып, Қытай үшін бұрынғы эко­но­ми­калық саясаттың заманауи сын-тегеу­рін­дер­ге жауап бере алмайтынын және қа­лып­тасқан нарықтың аздық ететінін түсінеміз. Кітап авторлары нақты статистикаға жүгіне оты­рып, бізге «Бір белдеу, бір жол» баста­ма­сының тарихи, саяси-экономикалық алғы­шарт­тарын тәптіштеп түсіндіріп береді.

Сонымен қатар соңғы онжылдықтың көлемінде әлемдік геосаяси жағ­дай­дың аумалы-төкпелі болып тұруы соның ішін­де, әсіресе Азия-Тынық мұхит айма­ғын­дағы ойын ережелерінің өзгере бастауы да Қытайды сыртқы нарықпен байланыстыратын жаңа импорт-экспорт өткелдерін іздеуге немесе бұрынғы өткелдердің мүм­кін­дік­терін арттыру жолдарын қарастыруға итермелегенін байқаймыз. Айнұр Әбиденқызы мен Құрмет Қадылғазыұлы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бір тармағы болып табылатын «Жібек жолының экономикалық бел­дігі» Қытай үшін аса маңызды стра­тегия­лық бағыт екенін айтады. Қытай тауар­лары­ның 90% теңіз арқылы тасымалданатын ес­кер­сек, Қытай үшін Сингапур мен Малайзияны Индонезиядан бөліп тұрған Малакка бұғазының маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы гео­саяси жағдай ушығар болса Қытайды батыс нарығымен байланыстар балама жол­дың көп болуы өте өзекті. Сол себепті Си төрағаның «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жария етерде алдымен Астанаға ат басын бұрғанын авторлар осылай түсіндіреді.

Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын бәріміз ауыздан тастамай сөз етіп жү­ретінімізбен жеме-жемге келгенде оның маз­мұны мен мақсатының нақты не екенін айта алмай мүдіріп қалатынымыз жасырын емес. Бұған Қытайдың өзінің жаһандық стра­тегияларын «бастама» деп жұмсартып атай­тыны да себеп болатын шығар. Ақпарат құралдарында өзге мемлекеттердің инф­ра­құрылымдарды дамыту, ұлттық индустриал­ды-инновациялық жобаларының қытайлық «бастамамен» үйлесіп жатқаны жайлы жиі жазылады. Ілгеріректе қазақстандық ақпарат көз­дерінде де «Белдеу және жол бастамасы мен Нұрлы жолдың тоғысуы» деген сынды сөз иірімдері жиі кездесетін. Сондықтан да қытайлық бастама былайғы жұртқа өзге елдердің қолдап-қоштауынсыз жүзеге аспас, «ұрандай салған ынтымақтастыққа шақыру» сияқты көрініп жатады. Алайда кітап авторлары «Бір белдеу, бір жолдың» мақсат-мін­деттері айқындалған нақты стратегия екенін әр қырынан айғақтайды.

Авторлардың көрсетуі бойынша, «Бір бел­деу, бір жол» стратегиясының мазмұн-мақ­саты «Бес тұтастыру» қағидаттарына не­­гізделген. Нақтырақ айтқанда: саяси үй­лес­тіру, инфрақұрылымдары дамытуды жал­ғас­тыру, тосқауылсыз сауда, қаржыны ай­налымға қосу және халықтарды жақын­дастыру.

Кез келген стратегиялық жобаның жү­зеге асуында маңызды жайт қар­жы мәселесі екені аян. Қытайтанушы ға­лым­дар А.Әбиденқызы мен Қ.Қадылғазыұлы бұл мәселенің шешімін де Қытай «қаржыны ай­­­­­на­­­лымға қосу» қағидаты негізінде таба біл­генін жазады. Яғни, 2014 жылдың 24 қа­за­нында Қытайдың бастамасымен 21 мемлекет Бейжіңде «Азия инфрақұрылымдарды инвестициялау банкін» құру туралы шартқа қол қойған еді. Жарғылық капиталы 100 млрд АҚШ долларын құрайтын банкідегі Қы­­­тай­дың үлесі 30,34%. Ал 2014 жылы 29 жел­­­тоқ­санда құрылған активі 40 млрд АҚШ доллары болатын «Жібек жолы қо­рын» қаржы­­ландыруды Бейжің толығы­мен өз міндетіне алған. Яғни, Қытай әлемдегі ең ірі валюта қорын «Бір белдеу, бір жол» аясында кедергісіз жаһандық нарыққа шыға­рып, ел пайда­сы үшін жұмыс істетуге бағыт­талған ұтым­­ды стратегия ретінде пайдаланып отыр.

Авторлар Айнұр Әбиденқызы мен Құр­мет Қадылғазыұлы жүргізген кешенді зерт­теулерін түйіндей келе, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына «идеологиялық тұрғыдан бас­тап, инфрақұрылым, қаржылық құрал, ру­хани-психологиялық аспектілерге дейін же­те ойластырылып, пысықталған ірі стра­тегиялық жоба» деп баға береді.

Кітаптың үшінші тарауында ғалымдар қы­тайлық стратегияның Қазақстан үшін мүм­кіндіктері мен сын-қатерлеріне жан-жақ­ты тоқталған. Соңғы онжылдықтың кө­ле­міндегі сауда-экономикалық әрі саяси са­ладағы қазақ-қытай қарым-қатынас­тары­на терең зерттеу жасап, «Белдеу және жол» стратегиясы шеңберіндегі ынтымақтастыққа сан­дық әрі сапалық талдау жасайды. Қы­тай­лық жобаның еліміз үшін берері мен ық­тимал сын-тегеуріндері жайлы тереңірек біл­гісі келген жанға аталмыш монография тап­тырмас құнды еңбек.

Монографияның тағы бір баса айта кететін тұсы кітап соңында «қосымша» ретінде берілген белгілі Қытай ғалымдарының «Бір белдеу, бір жол» стратегиясына қатысты зерт­теу мақалаларының қазақша аудармасы. Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясына қатысты қазақстандық еңбектерде зерт­теушілер негізінен отандық, ресейлік жә­не батыстық зерттеулерге көбірек жүгініп жа­татыны жасырын емес. Оған біріншіден, олар­дың көбісінің қытай тілін білмеуінен бол­са, екінші кезекте қытайлық акаде­мия­лық жазбалардың қол жетімділік деңгейінің тө­мендігі себеп. Қытай тілін меңгерген зерт­теушілердің өзіне қытайлық академиялық база­лар­дан зерттеулерді алып оқу мүмкін­діктері болмай жатады. Қытайдың ақпарат кеңістігінің анағұрлым қорғалғаны бәрімізге мәлім. Осы тұрғыдан қарағанда, Айнұр Әби­денқызы мен Құрмет Қадылғазыұлының өз зерт­теулерінің соңында беделді қытайлық ға­лымдарының салмақты зерттеулерін түп­нұсқасынан қазақшаға аударып, кітапқа ен­гізуі отандық қытайтану саласы үшін елеу­лі үлес екенін атап айтуымыз керек.

Далелхан АЙБОЛАТ, PhD докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қауымдастырылған профессоры

Дереккөз: https://aikyn.kz/263509/beldeuin-berik-tartk-an-k-ytaydyn–bastar-zholy-tura-ma

 

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/