«Наурыз– бейбітшілік пен татулықтың ұйытқысы» атты дөңгелек үстел өтті

908

Кеше (17.03.2022 ж.) Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесіп, ұлыстың ұлы күні әз-наурыз мерекесіне орай, «Наурыз– бейбітшілік пен татулықтың ұйытқысы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің  модераторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы дөңгелек үстелді  ашып, қазақтың ұлық мерекесі – наурызбен шын жүректен құттықтады.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымыдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының наурыз мейранмына арналған құттықтауын жолдады.

Алғашқы сөз Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мухсен Фағаниге берілді. Мухсен Фағани: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Наурыз мыңдаған жылдар бойы Иранда табиғи тәртіппен негізделген мейрам. Бұл рәсімнің табиғи және әлеуметтік ерекшеліктері бар. Сонымен бірге наурыздың табиғи негіздері адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қарым-қатынаста бейбітшілік пен достықтың негізін қалады», – дей келе іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Келесі сөз Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшісінің кеңесшісі, Алматы қаласындағы Өкілдігінің жетекшісі Гусейнзаде Анар мырзаға берілді. Гусейнзаде Анар Наурыз мейрамының бауырлас түркі халықтары үшін алатын орны ерекше екенін атап өтті. Наурыз мейрамы  Әзірбайжан елінде аса жоғары деңгейде тойланатынын тілге тиек етті. Осындай игілікті іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін институт басшыларына алғыс айтты.

Халықаралық қазақ-түрік университеті Евразия ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары, PhD Суат Бейлур: «Бүгінгі дөңгелелек үстелге шақырғандарыңызға көп рахмет. Иран мен Әзірбайжан халқы наурыз мейрамын қалай тойлайтыны туралы біраз мәліметтен хабардар болдық. Наурыз мерекесі түркі халықтарымен бірге, Балқан, Еуропа елдерінде жақсы тойланып келеді. Түркі халықтарының мәдениетін біріктеретін Түрксой деген компания бар. Осы Түрксой ұйымы наурыз мерекесін Еуропа елдерінде насихаттап, көптеген іс-шаралар өткізіп жүр», – деді.  

 

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әзібаева наурыз мерекесі халықтың тұрмыс-тіршілігіне сай қалыптасқан ең көне мейрам екенін және қазақ халқы наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы кеңінен тоқталып өтті. Қазақтың жаңа жылымен барша жиынға қатысушыларды құттықтады.

Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Әбусейітова Меруерт Қуатқызы сөз сөйлеп, наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Иран, Түркия, Әзірбайжандық қонақтарға өзінің кітабын сыйға тартты.

А. Табатабаи университеті, Орталық Азия және Кавказ аймағын зерттеу кафедрасының профессоры Мандана Тишеиар жиынға онлайн қатысты. Мандана Тишеиар: «Қазақстан халқын және Иран, Пәкістан, Әзірбайдан, Түркиядан келген қонақтарды наурыз мейрамынен құттықтаймын.  Наурыз мәдени аймағы – бұл Кашемир тауларынан Жер Орта теңізі, Арал өңірі мен Парсы шығанақтарын алып жатыр» – дей келе Қазақстан мен Иранның ғылыми ұйымдар мен институттары арасында ғылыми электронды журнал ашу туралы ұсынысын айтты. Бұл журнал екі ел арасындағы ғылым мен білім, мәдениет саласындағы өзара ынтымақтастық үшін маңызы зор журнал болатынына сенімдімін деді.

Пенжаб университетінің доценті, PhD Узма Зарин Назия да дөңгелек үстелге онлайн қатысты. Узма Зарин Назия: ««Наурыз қарсаңында осындай дөңгелек үстел ұйымдастырғандарыңыз үшін ұйымдастарушыларға,  екі институт директорлары Кенжехан Матыжанов пен Дүкен Мәсімханұлына және Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшісінің кеңесшісі, Алматы қаласындағы Өкілдігінің жетекшісіне, Түркиядан қатысып отырған шетелдік қонақтарға, барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Өз баяндамамды Пәкістанның ұлттық ақынның көктем туралы өлеңімен бастағым келіп отыр. Бұл мейрам бізге Махмұт Ғазнавидің билігімен бірге енді” дей келе, Пакистанда наурыздың аталып өтетінен мол мағлұмат беріп өтті.

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімжан Хамраев наурыз мерекесімен құттықтап, Туба, Якутия, Буратия жақтың көктем мерекесіне қатысқанын, олардың осы көктем мерекесінің мазмұны, сипаты біздің наурыз мерекесіне ұқсайтыны айтты. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушы қонақтарға рахметін жеткізді.

 

А.Табатабаи университетінің профессоры Оуранг Изади өзінің баяндамасын Хафиздің тамаша ғазалымен бастады. «Осы дөңгелек үстелге А.Табатабаи университетінің және қазір өзім қызмет жасайтын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан қатысып отырмын. Осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Бізде наурыз Джамшит патша кезеңінен бастау алады. Табиғаттың жанданған ерекше бір кезеңін қуанышпен қарсы алған және мереке ретінде атап өткен. Наурыз айының алғашқы он екі күнін он екі айдың бастамасы ретінде ерекше атап өтеміз»,-деді.

 

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Рахметжан Юсупов наурыз мейрамы туралы баяндамасында қазақ және ұйғыр халқы бұл мейрамды қалай тойлайтынына тоқталды.

 

«Медиаград» компаниясының Бас директоры, қоғам қайраткері Камаля Әділқызы наурыз мейрамымен дөңгелек үстел қатысушыларын құттықтады. Сонымен қатар, Әзірбайжанда наурыз мейрамы ең керемет тойланатын мереке екенін атап өтті. Бұл мереке бірнеше күн қатарынан тойланып, түрлі-түрлі символикалық ұлттық тағамдар пісірілетін, адамдар бір-біріне ізгі тілектерін аямайтын мейрам деді.

Дөңгелек үстелдің соңында алтын уақыттарын қиып келген қонақтарға алғыс айтылып, Институттар дайындаған арнайы сыйлықтарын тарту етілді.

 

 

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/