ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» РМҚК «Айдың үздік қызметкері» конкурсын өткізу тәртібі туралы Ереже

904

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» РМҚК (әрі қарай – Институт) құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында жүргізілетін «Айдың үздік қызметкері» конкурсының жүргізілу тәртібін белгілейді.

1.2. «Айдың үздік қызметкері» конкурсы (әрі қарай – Конкурс) төмендегі мақсатта ұйымдастырылады:

– қызметкерлердің мансаптық өсімін ынталандыру;

– олардың кәсіби деңгейін арттыру;

– қызметкерлердің белсенділігін арттыру;

1.3. Конкурс айына бір рет (жылына 12 рет) өткізіледі.

1.4. Айдың үздік қызметкері Институттың әрбір құрылымдық бөлімшесінде (бөлімде) анықталады. Конкурсқа Институттың құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынысы немесе қызметкердің жеке өтініші негізінде, Институттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (ғылыми қызметкерлер, ӘБП бөлімінің қызметкерлері) қатысады.

1.5. Институтқа жаңадан қабылданған қызметкерлер Институтта алты ай жұмыс жасағаннан кейін ғана, Конкурсқа қатыса алады.

1.6. Конкурс нәтижесі бойынша, жеңімпаздар материалдық (сыйақы) және материалдық емес марапаттау (грамота) арқылы ынталандырылады.

2. Конкурсты ұйымдастыру және оны өткізу тәртібі

2.1. Конкурсты өткізу үшін Институтта айдың үздік қызметкерін таңдайтын комиссия (әрі қарай – Комиссия) құрылады.

2.2. Комиссияның міндеттеріне: құжаттарды жинау және талдау, қорытынды жасау, құрылымдық бөлімшедегі айдың үздік қызметкерін анықтау және бекіту жатады.

2.3. Конкурсқа қатысатын үміткерлерді ұсыну кезінде, құрылымдық бөлімше (бөлім) басшылары мен ғылыми жобалардың жетекшілері ұсыныс дайындайды және «Айдың үздік қызметкері» конкурсын өткізу туралы осы

Ережеге қоса тіркелген бағалау критерийлеріне сәйкес, олардың қызметтік міндеттерін орындау барысында қызметкерлердің нақты жетістіктері ескеріледі.

3. Үздік қызметкерді таңдау рәсімі

3.1. Есеп берілетін мерзім нәтижелері бойынша, құрылымдық бөлімшенің үздік қызметкері екі айда бір рет таңдалады.

3.2. Есепті кезең аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде, құрылымдық бөлімше басшысы Комиссияға бөлімше қызметкерлерінің Конкурсқа қатысуы туралы ұсыныс береді. Қарау үшін Комиссияға бөлімше қызметкерлерінің жеке өтініштері берілуі мүмкін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, конкурсқа қатысу үшін жіберілген өтініштер мен ұсыныстар қаралмайды.

Екі жұмыс күні ішінде Комиссия құрылымдық бөлімшелерден, кадр бөлімінен есепті кезең ішінде атқарушылық, еңбек тәртібін, мінез-құлық этикасы мен ақпараттық қауіпсіздікті ресми түрде бұзу фактілерінің болмауы тұрғысынан кандидаттар туралы ақпарат сұратады және алады.

Есепті кезең ішінде атқарушылық және еңбек тәртібін, мінез-құлық этикасы мен ақпараттық қауіпсіздікті ресми түрде бұзуға жол бермеген кандидаттар конкурсқа одан әрі қатысуға жіберіледі.

3.3. Кандидатураларды іріктегеннен кейін, екі жұмыс күні ішінде «Айдың үздік қызметкері» конкурсын өткізу туралы осы Ережеге қоса тіркелетін бағалау критерийлеріне сәйкес, үміткерлерді бағалау жүргізіледі және айдың үздік қызметкерін таңдау туралы шешім қабылданады.

4. Үздік қызметкерді марапаттау рәсімі

4.1. Комиссия жұмысының қорытындылары екі жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді және мәжіліс кезінде көрсетілген кезең ішінде қызметкер үздік болған негіздемелерді жария ете отырып, құрылымдық бөлімшенің барлық қызметкерлеріне жеткізіледі.

4.2. Институт комиссиясы жасаған хаттамалардың негізінде, кадрлар жөніндегі инспектор қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрық дайындайды.

4.3. Комиссия жұмысының нәтижелері жарияланғаннан кейін, айдың үздік қызметкерін марапаттау рәсімі екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4.4. «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкер Институт директорының грамотасымен марапатталады.

4.5. Үздік қызметкерлердің фотосуреттері ақпараттық стендте және Институттың ресми сайтында орналастырылады. Айдың үздік қызметкері құрмет грамотасын алады.

5. Қорытынды ережелер

5.1 Үздік қызметкерді көтермелеу рәсімін ұйымдастыруға Институт басшысы жауапты болады.

«Айдың үздік қызметкері» конкурсын өткізу тәртібі туралы Ережеге 1 қосымша

«Айдың үздік қызметкері» конкурсының жүлдегерін анықтайтын бағалау критерийлері*

1. Гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу (8 балл)

2. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылатын жобаларға қатысу (10 балл)

3. Жарияланымдар:

3.1 монография, оқулық, оқу құралы (10 балл)

3.2 Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index тәрізді индекстелетін және (немесе) Scopus базасындағы Cite Score бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымдағы мақала (10 балл)

3.3 Web of Science халықаралық деректер базасымен индекстелетін 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) Cite Score бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентильмен кіретін рецензияланатын ғылыми басылымдардағы мақала (10 балл)

3.4 Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстеліп, рецензияланатын ғылыми басылымдардағы мақала (10 балл)

ҚР БҒМ БҒСБҚ ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымдағы мақала (8 балл)

3.5 отандық басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және конференция жинақтары және басқалардағы мақалалар (8 балл)

4. Баяндамамен конференцияларға қатысу:

4.1 халықаралық (10 балл)

4.2 республикалық (7 балл)

5. Шетелдік ғылыми мекемелермен байланыс

5.1 Шетелде тағылымдамадан өту (10 балл)

5.2 гранттар (10 балл)

5.3 грант бойынша жарияланымдар (10 балл)

6. Тіл білуі:

6.1 мемлекеттік (10 балл)

6.2 батыс (5 балл)

6.3 шығыс (10 балл)

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:

7.1 ғылым докторы (10 балл)

7.2 ғылым кандидаты (8 балл)

7.3 PhD (8 балл)

7.4 профессор (10 балл)

7.5 доцент (8 балл)

8 Педагогикалық қызмет (дәріс оқу, диплом / диссертациялық жұмысқа ғылыми жетекшілік, практиканттармен жұмыс және басқалары) (7 балл)

9. Институттың қоғамдық өміріне қатысу (конференциялар, семинарлардың ұйымдарстыру комитеттеріне қатысу, Институт және басқа жоғары оқу орындары мен мекемелер өткізетін әртүрлі іс-шараларға қатысу) (7 балл)

10. Экспедицияларға қатысу (далалық, археографиялық және басқалары) (8 балл)

11. Ғылыми жұмыстарды сараптама жасауға қатысу және басқалары (10 балл)

12. Ұжымда қолайлы климат тудыра білу қабілеті (10 балл)

13. Маңыздылығы мен күрделілігі айрықша міндеттерді орындау, күрделі міндеттерді орындау ептілігі (10 балл)

14. Нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде, лауазымдық нұсқаулықтар бойынша құзіретіне жатпайтын жобаларды әзірлеуге, дайындауға қатысу (8 балл)

15. Үйлестіруші, әдістемелік, консультациялық, кеңесші және басқа жұмыс органдарына, сондай-ақ, қызметтік тексеруге қатысу (8 балл)

16. Ізгі ниеттілік және сабырлылық (8 балл)

17. Басымдықтарды орналастыра білу (8 балл)

______________________________________ қызметкері бойынша аты-жөні нәтижелік баллдары

*Соңғы бес жыл ішіндегі көрсеткіштер қарастырылады.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/