Р.Б.СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Д.МӘСІМХАНҰЛЫ АНТРОПОЛОГ-ҒАЛЫМ О.СМАҒҰЛОВТЫ МЕРЕЙЛІ 90 ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1207

Бүгін Алматыда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Смағұлов Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына орай «Оразақ Смағұлов – Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Zoom платформасында өтті.

Конференцияға белгілі тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысып, О.Смағұловтың ғылымдағы ізденістері мен өнегелі еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталды. Сонымен бірге, Zoom платформасында да алыс-жақын шет елдер мен еліміздің өзге өңірлерінен тарихшылар, зерттеушілер қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Ғылыми жиналыстың алғашқы құттықтау сөзі белгілі тарихшы ғалым М. Қойгелдиевке берілді. Ол өз сөзінде: антрополог-ғалымның қазақ этносының шығу тегіне қатысты антропологиялық еңбегі ұшан-теңіз екендігін баса назарға алып, оның антропология ғылымына түрен салған тұңғыш ғалым екендігін жоғары бағалады.

Шындығында да, Оразақ Смағұловтың Қазақстан антропология ғылымының зерттелуі мен дамуына, жүйелі жолға түсуіне сіңірген еңбегі орасан. Сонымен қатар, О. Смағұловтың қазақ этносының шығу тегіне қатысты антропологиялық аспектілерді зерттеудегі үлесі – қатепті қара нардың белі қайысардай қажыр мен қайратты, зейінді зердені қажет ететін үлкен еңбек.

Ғылыми шараға Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы арнайы қатысып, антрополог-ғалымды мерейлі 90 жасымен құттықтады. Д.Мәсімханұлы өз сөзінде антрополог-ғалым О.Смағұловты өзі және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұжымы атынан арнайы құттықтай келіп: «Сіз бұл асқаралы 90 жасқа қазақ қоғамының, халқының аяулы ақсақалы ретінде, тарих ғылымының абызы ретінде жетіп отырсыз. Шет елдерде Қазақтану деген ғылым бар. Ол Жапония, Корея, Еуропа, Араб елдерінде кең етек жайған. Соның ішінде, қазақтанудың өркен жайған жері – Қытай. Сол қытай ғалымдары қазақтануда Сіздің еңбектеріңізге көп сүйенеді. Сіздің Қазақ этносының шығу тегіне қатысты антропологиялық аспектілерді зерттеудегі еңбегіңізге көбірек ден қояды.  Бұл қазақ ғылымының мерейінің асуы, сонымен бірге, қазақ халқының мақтанышы. Сіз біздің, қазақтың мақтанышысыз!», – деді.

С. Смағұлов ұзақ жылдар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология академиялық институтында еңбек етті. Сондай-ақ, аталмыш институт қабырғасында Қазақстандағы тұңғыш этникалық антропология зертханасын құрды. Бұл сол уақыттағы кенжелеп тұрған антропология ғылымының дамуы мен жүйелі жолға түсуіне үлкен серпін бергені жасырын емес. Қазіргі таңда мұндай зертханалар еліміздің бірқанша қалалары мен облыстарында, айталық, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанында да жұмыс істеп тұр. О. Смағұлұлы 90 жасқа келсе де  ғылыми-зерттеу жұмыстарын сол зертханаларда жалғастырып келеді.

Академик О.С. Смағұлов пен Қазақстан тарихы, антропология, этнология ғылымдары егіз ұғымға айналғандай. Бүгінгі конференцияның негізгі мақсатты да соны көздеп, баяндамашылардың басты назарын төмендегі үш мәселеге бұрды. Ол: Академик О.С. Смағұлов және Қазақстандағы антропология ғылымының дамуы; Қазақстандағы және шетелдердегі антропологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары; Тарих, этнология және антропологияның өзекті мәселелері.Шын мәнінде, Академик Оразақ Смағұлұлының көптеген еңбектерінде, монографиялар мен мақалаларында жинақталып берілген этникалық краниология, серология, палеоантропология, соматологии, одонтология, дерматоглифика саласындағы зерттеулері ғылыми және мәдени қауымдастық арасында сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Антропологиялық құрамда қола дәуірі тайпаларының физикалық деректерін морфологиялық мұра ретінде 30% сақтай отырып, осы аймақтың автохтоны болып табылатынын ол краниологиялық сериялар, генетикалық маркерлер, одонтологиялық нышандарды зерттеу нәтижесінде төрт мыңжыл бойындағы қазақ этногенезінің тарихи үдерісінің біртұтастығын дәлелдеп шықты. Бұл, әрине, бір тұлғаның емес, бір институттың атқарар еңбегі екені даусыз.

Құрманғазы ЖҰМАҒҰЛ

 

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/