ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДІНИ МӘСЕЛЕСІНЕ ДЕН ҚОЙЫЛДЫ

1222

Жуырда «Орталық Еуразия даласының әлеуметтік-діни динамикасы: Антропологиялық және тарихи тәсілдер» атты халықаралық семинар Zoom платформасында онлайн-форматта өтті.

Семинарға Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор, доктор Әбусейітова Меруерт Қуатқызы қатысты. Сонымен бірге, Анна-Мари Вулменот, Токо Фуджимото (Жапония) сияқты шет елдік ғалымдар өз ғылыми зерттеулерін ортаға салды.

Көшпелілер ұлысонар тарих көшінде Шығыс Еуропадан Моңғол үстіртіне дейінгі ұланғайыр алқапты қоныс етті. Олар осынау Ұлы дала төсінде уақыт пен заманның сынына қарай күрделі әлеуметтік өзгерістерді бастан кешірді. Әсіресе, дала төсін жайлаған халықтың діни ұстанымдары мен мәдениеті ішкі және сыртқы себептерге байланысты көп өзгеріске ұшырады. Аталмыш семинардың да арқалаған жүгі – жоғарыдағыдай тақырыптың мәні мен мазмұнын ашуға тырысу.

Профессор М.Әбусейітова «Қазақ хандығындағы дін» мәселесін зерделеді. Орталық Еуразия тарихына шолу жасап, 13-18 ғғ. Аралығындағы және қазақ хандығы дәуіріндегі халықтардың әлеуметтік діни ерекшеліктеріне тоқталды. Оның зерттеу тақырыбына эпиграфтар, ескерткіштер және ауызша тарих туралы соңғы зерттеулері өзек болды. Қазақ даласындағы тәңіршілдік, шамандық таным мен Ислам дінінің ерекшеліктері мен мәніне үңіледі ғалым өз зерттеуінде.

Зерттеуші Анна-Мари Вулменот «Шамандық логика және практика: Қазақстан-Ладах салыстырмалы зерттеу» атты тақырыптың тереңіне үңілді. Энн-Мари Вильменот 1984 жылдан бастап Орталық Азия мен Қазақстандағы исламданған шаманизмнің нысандарын зерттей бастаған. Сондай-ақ, ол зерттеуінде Ладахтағы (Солтүстік-Батыс Үндістан) шаманизм мен  Тибеттік буддизмді салыстырмалы түрде зерттеуге өріс ашты.

Жапониялық: «Қазақ әйелдерінің бала тәрбиесі және емі: әлеуметтік қайта құру кезіндегі діни тәжірибелер» деп аталатын зерттеу жұмысынан баяндама жасады. Токо Фуджимото ауылдағы қазақ әйелдерінің бала тәрбиесі мен емделу тәжірибесіндегі діни-әлеуметтік мәселелерін зерттейді. Исламды қабылдаған түркі халықтарындағы түрік-моңғолдық көшпелі дәстүрлер мен исламдық құндылықтардың ара-қатынасына назар аударады. Ондағы ұқсастықтар мен қайшылықтардың мәні мен маңызын зерделейді.

Жалпы, аталмыш семинар барысында зерттеушілер көшпелі, дала төсін жайлаған қазақ қоғамындағы күрделі діни-әлеуметтік мәселелерді деректік негізде зерделейді. Ондағы діндердің тоғысуы мен жіктелуі мәселелеріне ден қояды.

slot gacorhttps://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/https://dompetalquran.or.id/slot gopay 5000https://ilmuhukum.unidha.ac.id/https://berita.baritoutarakab.go.id/