Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Мүдделер тоғысқан Орталық Азия аймағы: геосаяси және геоэкономикалық тенденциялар аясында» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгін – 16 сәуір 2026 ж. күні Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Мүдделер тоғысқан Орталық Азия аймағы: геосаяси және геоэкономикалық тенденциялар аясында» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара аясында орталық меңгерушісі, профессор Қастер Сарқытқанның:
– «География және саясат: Орталық Азия кеңістігінің келешегі»;
– «Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының геоэкономикалық негіздері мен даму тенденциялары» атты ғылыми еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Жиынның шымылдығын Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, э.ғ.д Дүйсен Ғалымжан Мустахимұлы ашып берді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Орталық Азия елдері арасындағы көп жақтылы қарым-қатынастардың геосаяи және геоэкономикалық даму динамикасына, қазіргі жағдайы мен болашағына талдау жасау болып табылады.
Дөңгелек үстел Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері және әл-Фараби, Абай және Л.Гумилев атындағы ұлттық университтердің жас мамандарының қатысуымен болды.
Дөңгелек үстелдің басты міндеттері:
– «Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу» орталығы ғылыми қызметкерлерінің ғылыми зерттеу бағыттары мен маңызды зерттеулерін институт ғалымдары мен әрбір ұлттық университеттерден қатысатын жас ғалымдар алдында көрсету;
– Осы арқылы отандық Шығыстану ғылымының басым бағыттары мен зерттеу аясын жас ғалымдарға таныстыра отырып, олармен пікір алмасу, зерттеулер нәтижелерін талқылау және жаңа идеялар мен тәжірибелерді бөлісу;
– Дөңгелек үстел аясында жасалған баяндамалар негізінде ғылыми мақалалар жариялау және ғылыми жобаларға жаңа идеялар дайындау.
















