РЕСЕЙДІҢ ОРАЛ ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

358
Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің жанындағы Орал гуманитарлық институты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Мәсімханұлын мен ирантанушы ғалым, PhD Б. Батырханды екі жақты ғылыми байланыс орнату және студенттерге дәріс оқу үшін арнайы шақырған болатын. Алайда, Д. Мәсімханұлының денсаулық жағдайына байланысты бара алмағандықтан, жетекші ғылыми қызметкері, ирантанушы ғалым Б.Ш. Батырхан барып қайтты.
Орал гуманитарлық институтының дирекциясы, тарих факультеті және халықарылық қатынастар департаментінің өкілдерімен кездесу барасында Б.Н. Ельцин атындағы ОРФУ мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды.
Б. Шәденұлы Шығыстану кафедрасы мен Орталық Азиятану ғылыми зертханасының қызметкерлерімен кездесті және Орал гуманитарлық институтының студенттеріне «Орталық Азиядағы ислам дамуының негізгі тенденциялары» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Кездесу аясында екі институттың ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық бағыттары айқындалып және оларды одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.