ҚР Президентінің ризашылық хаты
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, професссор Дүкен Мәсімханұлы жаңа жыл қарсаңында институт ұжымы атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын жақында өткен сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткендігімен, сондай-ақ келіп жеткен 2023 жаңа жылымен құттықтап арнайы хат жолдаған болатын.
Д. Мәсімханұлының хатына ҚР Президенті Әкімшлігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Р. Желдібай мырзадан арнайы жауап хат келді.
Хатта былай делінген: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған хатыңыз Президент әкімшілігіне келіп түсті. Мемлекет басшысы хатыңызбен танысып, ізгі ниетіңіз бен шынайы лебізіне ризашылық білдірді.
Өзіңізді белгілі ақын, білікті шығыстанушы ғалым ретінде танимыз Шығыстану институты Сіздің башылығыңызбен маңызды зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өнімді еңбек етіп келеді. Сонымен қатар шетел архивтерінен Қазақстанның көне және орта ғасырлардағы тарихына, мәдениетіне қатысты тың деректер жинауға, зерттеуге бағытталған бастамаларыңыз еліміздің ғылымын дамытуға сүбелі үлес қосады.
Алдағы уақытта да іргелі әрі құнды ғылыми еңбектерді жарыққа шығара бересіздер деп сенеміз.
Сізге және ұжымыңызға шығармашылық табыс тілейміз».
Шығыстану институтының ақпарат бөлімі