Шығыстану институтында ғылым күніне және Г.М. Молотованың 60 жас мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

810

Бүгін Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ғылым күніне және институттың жетекші ғылыми қызметкері Г.М. Молотованың мерейлі 60 жасқа толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Институттың бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д.Мәсімханұлы дөңгелек үстелді ашып, ғалымдарды ғылым күнімен және Гүлбахрам Максимқызын мерейтойымен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

Әрі қарай, институт ғалымдары кезекпен сөз алып, әріптестерін кәсіби мерекелерімен  және Гүлбахрам Максимқызына игі тілектерін арнады.

Институт директоры Д. Мәсімханұлы мерейтой иесі Г. Молотоваға институттың «Шығыстану ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.

Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері – Р.К. Юсупов пен  Ж.Ошан ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Отандық ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хаттарымен марапатталды.

Институтың қызметкерлері Г.М. Молотова, Г.Ұ. Сұрашева, Р. Бекмұрат  – «Айдың үздік қызметкерлері» грамотасымен марапатталды.