ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ

1641

Кеше Қазақстан Жазушылар Одағының Алматыдағы бас ғимаратында Қаламгерлердің басын қосқан “Наурыз” мерекесі өтті. Алматыда 400-ден астам Жазушылар Одағының мүшесі тұрады.Солардың көпшілігі келіп,бір-бірімен қауышып,емен-жарқын әңгімелесіп, үш жерде жасалған мол қазақи дастарханнан дәм татып, арқа-жарқа сыр шертісіп, бір жасап қалды. ”Өлі разы болмай,тірі байымайды “-деген халық даналығы бойынша, 2020,2021-жылдары дүниеден озған қаламгерлердің түгелдей аты аталып, әруақтардың рухына арнап құран оқылды.
Алғашқы сөз кезегін алған Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,ақын Ұлықбек Есдәулет барша қалам ұстаған жазушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Алматы қалалық әкімдігі Мәдениет басқармасының бастығы Ғани Айдарұлы Майлыбаев сөз сөйлеп, барша жиылған қауымға ақ тілегін арнады.
Жиын барысында шығармашылықтағы және қоғамдық белсенділігі үшін оншақты ақын -жазушыға Одақ төрағасының Алғыс Хаты салтанатты түрде табыс етілді. Олардың қатарында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлы да бар.
Құттықтаулардан кейін мереке әсем әнге, күмбірлі күйге ұласты.

https://perpustakaan-baubaukota.projectkoding.com/data/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://fsb.ung.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/https://pria.org/https://epaper.radarlombok.co.id/wp-includes/system/https://bapenda.sumbabaratkab.go.id/link/https://empowerment.co.id/https://simak.id/