Тарих пен руханият тоғысқан сәт: Римнің Ұлттық архивіндегі тағылымды кездесу

15

26 маусым күні ҚР ҒК Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директор Д.Мәсімханұлы бастаған делегация өкілдері мәдениет пен тарихтың алтын қоймасы — Рим қаласының Ұлттық архивіне арнайы барып, мазмұнды әрі өте өзекті кездесу өткізіп қайтты. Бұл басқосу екіжақты ғылыми байланыстарды нығайту мен ортақ құндылықтарды түгендеу жолындағы елеулі қадам болды.

 

Бас архивист Гуйлия Моретти (Guilia Moretti Cursi) мен архивист-маман Рестайно Ангело (Restaino Angelo) қазақстандық делегацияны ерекше ықыласпен қарсы алып, Рим архивінің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін бай тарихымен таныстырды. Білікті мамандар адамзат баласы үшін аса құнды саналатын көне жәдігерлер мен сирек қолжазбалардың қалай сақталатынын, оларды болашақ ұрпаққа еш бүлінбей жетуі үшін қолданылатын заманауи технологиялардың қыр-сырымен таныстырды. Архив қоймаларындағы сан ғасырлық тарихи құжаттаттардың бүгінгі жағдайы мен оларға жасалған ерекше шарт-жағдай тәнті етті.


Кездесудің ең құнды әрі қызықты тұсы — италиялық әріптестердің ортағасырлық түркі тарихына, Алтын орда кезеңіне қатысты бірегей деректердің бар болуы әбден мүмкін деген ақпараты болды. Нақтырақ айтқанда, кезінде түркі өңірлеріне сапар шеккен діни миссионерлер мен әйгілі саяхатшылардың өз қолдарымен хатқа түсірген сирек құжаттары мен күнделіктері туралы айтылды. Бұл қолжазбалар — түркі халықтарының орта ғасырлардағы мәдениеті, тұрмысы мен сыртқы байланыстарын зерттеуде таптырмас жаңа тарихи дереккөз екені сөзсіз. Римдік архивистер қазақстандық ғалымдарға осы құжаттарды алдағы уақытта тереңірек зерттеп, бірлесе қарастыруды ұсынды.

Жалпы алғанда, өте жоғары деңгейде өткен бұл жылы жүздесу алдағы уақытта үлкен ғылыми жобаларға, соның ішінде түркі тарихын жаңа қырынан зерттеуге кең жол ашатыны анық.
Екіжақты мәдени өзара іс-қимыл алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

slot danahttps://cefta.int/