Шығыс елдері: тарихи және қазіргі кезеңдер аясында Қазақстан үшін геосаяси сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер.

Зерттеу 2023–2025 жылдарға арналған ИРН BR20281006 «Шығыс елдері: тарихи және қазіргі кезеңдер аясында Қазақстан үшін геосаяси сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты іргелі ғылыми жоба шеңберінде орындалды.
Монографияда тарихи трансформация мен жаһандық өзара ықпалдастық жағдайындағы Қазақстан мен Шығыс елдерінің пәнаралық тұрғыдағы тұжырымдамалық көзқарасы ұсынылған. Авторлар Шығыс елдерінің әлемдік қауымдастық мемлекеттерімен саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және этносаралық өзара іс-қимылының түрлі қырларын қарастырып, Шығыс елдеріндегі жаһандық проблемаларды, соның ішінде экологиялық даму, су ресурстары және өзге де дағдарыстық мәселелерді зерттеп, талдаған.
Сонымен қатар Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа талдау жасалып, шығыс мемлекеттерінің (ҚХР, Корея және т.б.) Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қатысты «жұмсақ күш» саясатының перспективалары қарастырылған. Қазақстанның жетекші Шығыс елдерімен ұлттық мүдделерді қорғау контексіндегі өзара іс-қимылы, сондай-ақ геосаяси турбуленттілік жағдайында және жаңа геосаяси шынайылықтың қалыптасуы аясындағы одан арғы даму перспективалары зерттелген.
Кітап сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқару мен реттеу саласындағы ғылыми қызметкерлерге, сарапшылар мен мамандарға, сондай-ақ осы бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында білім алушыларға арналған.












