ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығы өкілдері Шығыстану институтында

14
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері — ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдың міндетін атқарушы Люй И, консул Чэнь Сянюнь және консул-атташе Сунь Хаоюй ресми сапармен келді.
Кездесу барысында Институт директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары аясында білім беру мен ғылым саласындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуда академиялық және ғылыми байланыстардың ерекше рөл атқаратынын айтып өтті.
Сонымен қатар Дүкен Мәсімханұлы Шығыстану мамандығының бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық, мәдени және ғылыми байланыстарды дамытудағы стратегиялық маңызын ерекше мән берді.
Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулының міндетін атқарушы Люй И Шығыстану Институтының Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми және мәдени байланысты дамытудағы орнына жоғары баға беріп, Қытай тарапының гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Ол екі ел ғалымдары арасындағы академиялық алмасуларды, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру өзара түсіністік пен сенімді тереңдете түсетінін мәлімдеді.
Кездесу екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылаумен және алдағы бірлескен жобаларға қатысты пікір алмасумен қорытындыланды.
slot danahttps://cefta.int/