«Күркіреп күндей өтті ғой 60!»

915

2023 жылы 12 қазанда  ҚР Ұлттық кітапханасында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, көрнекті қытайтанушы ғалым, белгілі ақын, аудармашы, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи-мәдени һәм саяси ынтымақтастықтың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жиынды ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы жүргізді.

Алқалы бас қосуда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Ары қарай ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевтың құттықтауы оқылды. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қариннің және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің құттықтау сөздерін Астанадан арнайы келген ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Илясұлы жеткізді. Бұдан бөлек, Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлының құттықтауын «Жетісу» газетінің бас редакторы, ақын Жұматай Оспанұлы, Алматы қаласы әкімнің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлының құттықтауын Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы тапсырды.

Аталған шарада Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы, көрнекті Қырғыз жазушысы Раев Сұлтан Әкімұлы мен Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы М.Ә. Құлкеновтің атынан Қазақстан жазушылар Одағы басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары, жазушы Нұржан Қуантайұлы құттықтап, Түркі әлемінің мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін «Түрксой» медалімен Дүкен Мәсімханұлын марапаттады.

Сонымен қатар 20 жылдай ұстаздық қызмет және кафедра меңгерушісі, институт директоры қызметтерін атқарған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, академик Сыдықов Ерлан Бәтташұлының құттықтауы мен мерейтой иесіне берілген ЕҰУ-дегі ғылым мен білімнің дамуына қосқан айырықша үлесі үшін «Күлтегін» медалін аталған оқу орыны Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Қосубаев Мирас Махмедунұлы табыстады.

Дүкен Мәсімханұлы 1993 жылы көктемде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің арнайы шақыруымен Қазақстанға оралып, ХХғ. 90-шы жылдарда аталған оқу орынының Шығыстану факультетінде 10 жыл ұстаздық қызмет етіп, 2-3 жыл Қытайтану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Осы тұста конференцияға аталған оқу орнының ректоры, академик Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың құттықтауын тарих факультетінің деканы, профессор Байғонақов Досбол Сүлейменұлы жеткізді. Жиынға шығыстану факультетінің деканы, профессор Ем Наталия Борисовна бастаған үлкен делегация келді. ҚазҰУ делегациясының құрамында ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Журналист-академик, Ректордың бас кеңесшісі Өтеген Оралбайұлы, ғылыми зерттеу орталықтарынан академик Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, профессор Ким Герман Николаевич, профессор Ислам Жеменей, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы, профессор Еркінбек Шоқан бар.

Бұдан бөлек ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның құттықтауын ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, PhD Біләлов Дархан Нұрланұлы; Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ректоры, академик Сәлима Сағиқызы Кұнанбаеваның құттықтауын сол оқу орны Шығыстану факультетінің деканы, профессор Қағазбаева Эльмира Маратқызы; ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлының атынан, ақын Маралтай Райымбекұлы жалғастырды.

Одан кейін РФ Орал федералдық университеті басшылығының атынан профессор Запарий Юлия Владимировна; ҚР «Отандастар қорының» Президенті Абзал Сапарбекұлының атынан Қалыбек Қобыландин, сондай-ақ көршілес және әріптес мекемелердің басшыларынан – Қазақ-Түрік Еуразиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Суат Бейлур;  Қазақ-Tүрік Халықаралық академиясының ректоры доктор, профессор Хизметли Сабри; Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Сейдуманов Серік Тұрарұлы; Экономика институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы; М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлының атынан институттың бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д. Орда Гүлжаһан;  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Фазылжан Анар Мұратқызы; ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты директоры Тұқымов Еркін Валитханұлы атынан, бас ғылыми қызметкер, саяси ғылымдарының докторы Сейлеханов Ерболат Тұранұлы жалғастырды.

Сондай-ақ ҚР Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрышев Шахрат Шәкизатұлынан, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының Бас хатшысы Чжан Мин мырзадан, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлынан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филол.ғ.д., профессор Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлынан құттықтаулары келіп түсті.

Жиын барысында онлайн және офлайн форматта Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Әкбәр Джоукар, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің атынан бірінші хатшысы Исмаилова Чолпон Нұрбекқызы, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Цзян Вэй, Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің атынан Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулы Ференц Блауман, Әзірбайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің жетекшісі, кеңесші Анар Надир оглы Гусейнзаде және Қырғызстан Ош мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Қожобеков Құдайберді Галиакпарұлы құттықтауын жеткізді.

Шара соңында Дүкен Мәсімханұлының  «Шығыс әлемі: Аңыз бен шындық» зерттеулер жинағы;   «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары»  атты   5 томдық көркем  аудармалар жинағының және «Жүрегімнің жұмбағы» жыр жинағының, «Ұлт пен рух» ғылыми зерттеулер, әдеби портреттер жинағының, «Ғалым. Ұстаз. Ақын. Аудармашы. Азамат»  атты Д. Мәсімханұлы туралы жинақтың; «Д. Мәсімханұлы шығармаларының библиографиялық көрсеткіші» еңбектерінің  тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Дереккөз:  https://adyrna.kz/post/173342

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/