Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

877

2022 жылғы 4 қарашада Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Ғылыми кеңес мүшелері мен институт қызметкерлері, докторанттар қатысты.

Жиналысты ашқан институт директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы осы уақытқа дейінгі атқарылған жобалар мен іс-шаралардың мәні мен маңызына тоқталып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібінде 2022 жылы атқарылған жобалар бойынша жетекшілері директордың ғылым жөніндегі орынбасары э.ғ.д., доцент Ғ.М. Дүйсен және Ұйғыртану орталығының жетекшісі, т.ғ.д., профессор Р.У. Каримованың  есептері тыңдалды.

Р.У. Каримова жетекшілік ететін «Орталық Азияның зияткерлік тарихы контекстіндегі түркі ренессансы (X–XVI ғғ.)» жобасы бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміне енген журналда 6   және Scopus Web of Science базасына кіретін басылымдарда 4 мақала,  Р.У. Каримованың монографиясы мен ұжымдық монография жарық көрді.

Ғ.М. Дүйсен жетекшілік ететін «Шығыс елдеріндегі ынтымақтастықты дамыту және аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» жобасында бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 53 ғылыми мақала, оның ішінде 27 мақала отандық басылымдарда,  ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті басылымдарында 18 мақала жарияланды. Scopus Web of Science базасына кіретін басылымдарда 3 мақала,  шетелдік басылымдарда 21 мақала, оның ішінде РҒЗИ-да 6 мақала мен  4 монография жарық көрді.

Осы жоба аясында 2022 жылғы 29 маусымда «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті және конференция жинағы шықты. Сонымен қатар, жоба аясында Р.Б. Сүлейменов ат.  Шығыстану институты мен IR-SIKA (Түркия), INION RAS, РҒА Шығыстану институты, РҒА Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институты (Ресей), Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми мекемелері (6 ұйым), Ma’no орталығы (Өзбекстан) арасында ғылыми ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Одан кейін директордың стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары  Қ.І. Масабаевтың институттың халықаралық байланыстары жөнінде жасалған жұмыс бойынша есебі тыңдалды.

Институттың  ғалым хатшысы Е.Қ. Белғожа институтта 2023 жылы атқарылатын жобалар мен 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасының конкурсы туралы баяндады.

Институттың  докторанттарының диссертациялық тақырыптары талқыланып, есептері бекітілді.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/