“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын академик-ғалымдар қолдады
Бүгін (18.12.2020) Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сенатор, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауы қарсаңында ҚР ҰҒА академиктері және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесіп, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, мемлекетіміздің тәуелсіздігіміздің 29 жылында жеткен жетістіктері мен алда тұрған басымды бағыттары төңірегінде пікір алмасты, – деп хабарлайды http://gylymordasy.kz/ сайты.М.Құл-Мұхаммед кездесуге қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол еліміз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдардан бастап ғалымдарымыз Отандық ғылымның дамуына өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті. Берекелі өмір, бейбіт аспан – Тәуелсіздіктің арқасы екенін, тәуелсіздігіміздің нығайып, экономикамыздың өркендеуіне, тұтастығымыздың тұғырлы болуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор екенін тілге тиек етті.
Шараға ҚР Ғылым академиясы Президенті, х.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Вице-президент – бас ғылыми хатшы, ҚР ҰҒА академигі Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы, ҚР ҰҒА академигі Досым Сүлеев, ҰҒА академигі Елешев Рақымжан Елешұлы, ҚР ҰҒА корреспондет-мүшесі Абылқасымова Алма Есімбековна, ҚР ҰҒА академигі Жамбакин Қабыл Жапарұлы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерден Задаұлы Қажыбеков, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының директоры, ф.ғ.д. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Мамытжанов Кенжехан, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы, т.б академик-ғалымдар қатысты.
Кездесуге қатысушы академик-ғалымдар ғылымның бүгінгі таңдағы жай-күйін сөз етті. Отандық ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылап, оны дамытудың қарқыны күшейтеу мәселелерін ортаға салды. Сонымен бірге, олар “Nur Otan” партиясының сайлау алды науқанына толықтай қолдау көрсететінін бір ауыздан мақұлдады.
Суреттер Ғылым ордасы https://www.facebook.com/photo?fbid=1872214719598639&set=pcb.1872216306265147 Фейзбук парақшасынан алынды.