А. К. Көшкімбаев ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРДАЛАР (ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ТАРИХНАМАСЫ)
Редакция алқасы: М. Қ. Әбусейітова (төрайым), Ә. Дербісәлі, Б. Д. Дүйсенов, Д. Е. Медерова, Г. К. Мұқанова, Ж. Ошан, 3. С. Табынбаева, Анне Мари Вильмено (Бельгия), Токо Фудзимото (Япония). Алматы: «Шығыс пен Батыс», 2020. – 160 б.
Кітапта шығыстың жазба деректері, түркітілді ауызша дереккөздер мен ғылыми әдебиетті талдау негізінде, Жошы империясының Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда тәрізді билік орталықтарының проблемаларымен байланысты ХШ-ХV ғасырлардағы Жошы Ұлысының саяси тарихының мәселелері, сондай-ақ, олардың пайда болуының тарихнамалық дәстүрі баяндалған. Кітаптың Алтын Орда заманындағы ұлыс-мемлекеттердің тарихы, ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша мамандар, докторанттар мен магистранттар үшін пайдасы бар. Ғылыми басылым ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Ұлы дала тарихы және мәдениеті» атты ғылыми бағдарламасын іске асыру аясында дайындалған.