Ғалымдар мерекелік медальмен марапатталды

1045

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғалымдары ҚР академигі Әбсаттар қажы Дәрбісәлі мен т.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Меруерт Әбусейітова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 3 шілдедегі жарлығы бойынша Ассамблея төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Ғалымдарды марапаттау шарасы Институт қабырғасында өтті. Аталмыш марапат Шығыстану институтының қос ғалымына елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқаны үшін табыс етілді. Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, бұл – Шығыстану институты ғалымдарының қажырлы еңбегінің, ғылымға сіңірген үлесінің жемісі екендігін атап өтті. Сонымен бірге, бұл марапат – Институтымыздың мәртебесі екендігіне тоқталды. Марапат иелері де өз кезегінде сөз алып, Елбасының қолдап-қуаттауына алғыстарын жеткізді. Жас ғалымдардың да тынымсыз еңбектеніп, өрелі биіктерге жете беруіне тілекші екендіктерін жасырмады.

Елбасының қашанда ғылым-білімге еңбегі сіңген ғалымдарды қолдап-қуаттайтындығы белгілі. Бұл өз кезегінде, еліміз ғылым-білімінің дамуына зор серпін береді. «Білім – инемен құдық қазғандай» деп дана халқымыз айтқандай, Ұлы дала тарихын ұлықтау, Шығыс елдері мұрағаттарындағы Қазақстанға қатысты деректерді, жәдігерлерді ұқыптап жинау, зерттеу, ел игілігіне жарату – Шығыстанушы ғалымдардың мойнындағы зор міндет. Бұл міндетті Институт ғалымдары абыроймен атқарып келеді.

Шығыстану-ақпарат

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/https://indolivestock.com/