Академик Қ.Т. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

134
2024 ж. 16 сәуірде Ұлытау облысы әкімдігінің және Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің ұйымдастыруымен «ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы – академик Қаныш Сәтбаев» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Ғұлама ғалым Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткен конференцияға Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Бағдат Дүйсенов қатысты. Конференцияда Жезқазған университетінің ректоры, т.ғ.д. Ә.А. Тәкішев, халықаралық Ә.Марғұлан қорының вице-президенті, м.ғ.к. Д.Ә. Марғұлан, Ұ.И. Сәтбаев атындағы мемориалдық музей директоры. Қ. Әбілғазин (Баянауыл) баяндама жасап, Тарихи және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, т.ғ.д, профессор В.И.Козодой (Новосибирск), геол.-минерал.ғыл. докторы, профессор Е.Г. Язиков (Томск), “МИСИС” ұлттық зерттеу технологиялық университеті филиалының директоры М.А. Джураев (Душанбе) қашықтықтан қатысты.
Аталмыш конференцияға ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты экспонаттар мен құнды құжаттарды көрсету мақсатында Қарсақбай, Жезді, Жезқазған музей қызметкерлері көрме ұйымдастырды. Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы және ректор Әбділмәлік Тәкішев конференция қонақтары, Қаныш Имантайұлының жерлестері Дәнел Әлкейқызы Марғұлан мен Бағдат Даниярұлы Дүйсеновтерді арнайы жеке қабылдады.