ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТЫСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ: ИНСТИТУТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ РИМДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ.

Ағымдағы жылдың 26 маусым күні Рим қаласында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған институт делегациясы Халықаралық Жерорта және шығыстану қоғамының (ISMEO) басшылығымен және көрнекті ғалымдарымен ресми кездесу өткізді.
Жиынға ISMEO президенті, профессор Адриано Росси (Adriano Rossi), сондай-ақ Италияның белгілі арабтанушы, қытайтанушы және тибеттанушы ғалымдар – профессор Паола Милиция (Paola Milizia), Беньяминов Меласки (Beniaminov Melascchi) және өзге де зерттеушілер қатысты.
Кездесу барысында италиялық әріптестер қоғамның бай ғылыми мұрасымен таныстырды. Айта кету керек, бұл ұйым осыған дейін Қазақстанға арнайы зерттеушілер жіберіп, еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты бірқатар іргелі ғылыми еңбектер мен кітаптар жарыққа шығарған. Осы ретте, Қазақстанға қатысты жүргізілген құнды ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырылды.
Сонымен бірге ISMEO қоғамының Рим ұлттық кітапханасында орналасқан Шығыстану ғылымдарына арналған бөліміне арнай барып таныстырды. Онда сақталған Шығыстың бірегей қолжазбаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Италиялық ғалымдар қазақстандық делегацияға көне тибет және араб тілдеріндегі сирек жәдігерлерді, соның ішінде ислам медицинасының алтын қорына жататын ұлы ойшыл Ибн Синаның атақты «Китаб аш-Шифа’» (Емдеу кітабы) қолжазбасын және медицинаға қатысты басқа да құнды трактаттарды көрсетті.
Кездесудің басты нәтижесі ретінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Халықаралық Жерорта және шығыстану қоғамы арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға және осы тарихи құжат шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, қолжазбаларды зерттеуге және ғалымдармен тәжірибе алмасуға уағдаласты.
Қазақстан Республикасының Ватикандағы және Италиядағы Елшілігінің қолдауы және көмегімен жүзеге асқан Римдегі бұл сәтті келіссөздер отандық шығыстану ғылымының еуропалық ғылыми кеңістікпен байланысын нығайтып, бірлескен ауқымды зерттеулерге жол салады деген сенімдеміз.
Сондай-ақ аталған елдердері Елшілеріміз бен Елшілік қызметкерлеріне институт басшылығы шынайы алғысын білдіреді!


















