Ғылым қызметкерлері күніне орай Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері марапатталды

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бірқатар қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.
Салтанатты сәтте Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Барыс» орденінің иегері Дүкен Мәсімханұлы сөз бастап, мемлекетіміздің ғылым саласын дамытуға ерекше назар аударып отырғандығын атап өтіп, марапаттарды табыстады.
«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен:
* Орталық Азия және Таяу Шығыс бөлімінің меңгерушісі, философия докторы (PhD) Б.Д. Дюсенов;
* «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:
* БҒҚ, т.ғ.к. А.Ш. Нурманова;
«Ғылым үздігі» құрмет дипломымен:
* БҒҚ, филос.ғ.к. Э.У. Байдаров;
«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен»:
* ЖҒҚ, филол.ғ.к. Р.К. Юсупов;
* IT маман М.А. Шеримбетов;
«Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысымен»:
* ЖҒҚ, PhD Н.Т. Абдимомынов;
* PhD докторант Б.Б. Кудьяров марапатталды.
Әріптестеріміздің ғылым жолындағы еңбектеріне табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық серпін тілейміз!



















