«Архивтік құжаттар, жазбаша дереккөздер мен артефактілерді зерттеудегі жаңа тәсілдер» атты ғылыми семинар өтеді

1228

Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін зерделейтін Археографиялық қоғамдастық аясында ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпараттық орталық 2021 жылғы 15 наурызда «Архивтік құжаттар, жазбаша дереккөздер мен артефактілерді зерттеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында ғылыми семинар өткізетінін хабарлайды.

Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпарат орталық «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетелдік архивтер мен қорлардағы археографиялық жұмыстар (айқындау, талдау, цифрландыру)» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру барысында жас археограф мамандарды даярлауға арналған ғылыми семинарға қатысуға шақырады.

Семинардың мақсаты жас зерттеушілерді Ұлы дала тарихы мен мәдениеті бойынша визуалды артефактілерді археографиялық зерттеу әдіснамасы мен әдістемелік мәселелері, сонымен қатар эпиграфика және эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен таныстыру болып табылады. 

СЕМИНАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семинардың ашылуы:

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филол.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлының кіріспе сөзі.

Модераторы: Бағдат Даниярұлы Дүйсенов, аға ғылыми қызметкер

Баяндамалар:

Әбусейітова М.Қ., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарихи материалдарды зерттеу бойынша Республикалық ақпараттық орталықтың директоры

 «Визуалды артефактілер тарихи дерек ретінде»

Муминов А.К., тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Зерттеулер мен жарияланымдар департаментінің жетекшісі

«Алтын Орда тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа дереккөздер»

Султангалиева Г.С., тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі

«Татарстан Республикасының архив құжаттары материалдары бойынша Қазан қаласындағы медреседегі қазақ жастары (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы)»

Нұрманова А.Ш., тарих ғылымдарының кандидаты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері

 «Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштер: дереккөздік мүмкіншіліктері және оқу мәселелері»

Медерова Д.Е., тарих ғылымдарының кандидаты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері

 «Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштер: марсиялар, аяттар, терминдер»

Дүйсенов Б.Д., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері 

«Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштердің тілі: графика, фонетика, лексика»

Құрманбаева К.С., Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері 

 «Арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштердің зерттелу тарихы»

Ужкенов Е.М., тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, жетекші ғылыми қызметкері

«Виртуалды кеңістіктегі қалаларды қайта құру тәжірибесі мен іске асырылуы»

Семинар 2021 жылғы 15 наурызда 11:00 AM Алматы

Zoom  платформасында онлайн-режімде өтеді. 

«Архивтік құжаттар, жазбаша дереккөздер мен артефактілерді зерттеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбындағы ғылыми семинарға

қатысу үшін алдын-ала тіркеліңіз:

Zoom: https://us02web.zoom.us/j/85169979469?pwd=aXRBMGtibG9IUnFXMndmM2JXUlhWdz09

Конференция идентификаторы: 851 6997 9469

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7 777 25 111 69

email: uly.dala2017@mail.ru                                            Ұйымдастыру комитеті