Қытайша-қазақша үлкен сөздік

1233
Сөздікті құрастырғандар:
Дүкен Мәсімханұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры.
Айнұр Әбиденқызы –шетел филологиясы магистрі, Л.Н.Гумилев атындағыЕҰУ-дің доценті, ҚХР Шынжаң университетінің докторанты.
Қ 92 Қытайша-қазақша үлкен сөздік / – Алматы: «Эксклюзив КА», 2017. – 1032 б.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Мәсімханұлы мен шетел филологиясы магистрі, доцент А.Әбиденқызы құрастырған «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» деп аталатын бұл сөздікке қазіргі қытай тілінің қолданысындағы 70 мыңға жуық сөздері мен сөз тіркестері (тұрақты тіркестері) қамтылған.
Сөздік ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ-қытай тілдері бойынша тәржіме жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломатиялық мекемелер мен олардың қызметкерлеріне, қытай тілі, қытайтану ғылымы, жалпы тіл білімі саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған.
Деректер https://tilalemi.kz/tartu/one/767 сайтынан алынды.