Білім мен ғылымның интеграциясы

595

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп «Ғылым Ордасы» ғылыми-зерттеу институттарының базасында ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі Жол картасын бекіту туралы» № 166 бұйрығына сәйкес, 2015-2016 оқу жылынан бастап ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындайды. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, магистратура және PhD докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асады.

  • Магистратура бағдарламасы шеңберінде «6М020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша кадрлар дайындалады;
  • PhD докторантура бағдарламасы шеңберінде «6D020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша кадрлар дайындалады.