Жаңа монография: Қазақстан – Орталық Азия форматындағы ынтымақтастықтың аймақтық векторы

Монографияда әлеуметтік-экономикалық даму, аймақтық ынтымақ-тастық және Орталық Азия елдерімен қауіпсіздікті нығайту бағытында жаңа Қазақстанның контурын қалыптастыру бойынша кешенді пәнаралық зерттеу жүргізілді. Бұл өзгермелі әлемдегі Қазақстанның сыртқы саясатын тиімді ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету, еларалық ынтымақтастықты нығайту және Орталық Азия елдерімен аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру үшін маңызды. Жұмыс ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша ЖТН АР19680321 «Қазақстан-Орталық Азия» форматындағы ынтымақтастықтың аймақтық векторы» жобасы аясында орындалды (2023-2025 жж.).
Бұл зерттеу Қазақстанның Орталық Азия елдерімен өзара тиімділік пен тұрақты даму қағидаттарына негізделген қатынастарын қалыптастыруға ғылыми тұрғыдан негізделген тәсілді ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығының қалыптасуындағы тарихи алғышарттар зерттелді. Ынтымақтастықтың институционалдық тетіктері және өзара іс-қимылдың нормативтік-құқықтық негіздері талданды.
Елдер арасындағы қатынастардағы негізгі мәселелер мен кедергілер айқындалды. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістерін дамытудың оңтайлы жолдары анықталды. Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы позицияларын нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.
Зерттеу нәтижелерін сыртқы саясат пен экономика салаларын реттейтін мемлекеттік органдар үшін ғылыми-талдау материалдарын дайындауда пайдалануға болады, сонымен қатар шығыстану, экономика және аймақтану білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға болады











