«Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты республикалық форум өтті.

2026 жылғы 15–16 қаңтарда Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» тақырыбында республикалық форум өтті.
Аталған жиын Қазақстандағы ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі ахуалы, білім сапасын қамтамасыз ету тетіктері, аккредиттеу үдерістерін жетілдіру және халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелеріне арналды.
Форум жұмысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, халықаралық сарапшылар сондай-ақ білім сапасын бағалау және аккредиттеу саласының мамандары қатысты. Қатысушылар жоғары білім берудің институционалдық дамуы, академиялық адалдық, кадр даярлау сапасы және ғылыми зерттеулердің тиімділігі жөнінде пікір алмасты.
Форум аясында жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және ұлттық білім беру жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Аталған республикалық форумға Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы да қатысты.
Форум нәтижелері Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым саласын жүйелі дамытуға, сапаны қамтамасыз етудің жаңа механизмдерін қалыптастыруға және академиялық ортадағы институционалдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.













