«Алтын Орданың әлеуметтік құрылымы» атты ғылыми семинар

2025 жылғы 28 қазанда Институтта «Алтын Орданың әлеуметтік құрылымы» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Бұл іс-шара «Алтын Орда дәуіріндегі Батыс Қазақстан отырықшы елді мекендерінің тарихы: тұрмыстық материалдық мәдениетін қайта құру» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – Алтын Орда империясындағы қалалық халықтың рөлі мен күнделікті өмірінің маңызын түсіндіру; Батыс Қазақстанның Алтын Орда кезеңіндегі отырықшы өмірдің эволюциясына қатысты негізгі зерттеулермен бөлісу және т.б. Сонымен қатар, отандық тарихи ғылымда ашылған жаңалықтар мен жаңа әдістемелік тәсілдерді қолданудың өзектілігі атап өтілді. Бұл тәсілдер Алтын Орда дәуіріндегі күнделікті мәдениетті тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Семинардың модераторы ретінде және «Күнделікті мәдениетті танудың әдіснамалық негізі және Алтын Орданы зерттеудің ерекшелігі» тақырыбындағы баяндамамен жобаның ғылыми жетекшісі, Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ужкенов Е.М. сөз сөйледі. Ол семинар қатысушыларын ғылыми-зерттеу жобасының негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Іс-шара барысында баяндама жасағандар қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Шамшиденова Ф.М. болды (баяндамасының тақырыбы – «Алтын Орда әйелдері деректерде: жылнамалар, археология және фольклор»).
Сондай-ақ талқылау барысында келесі қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісті: Қазақстан-Британ техникалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмаділ А.К.; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шотанова Ғ.А.; Алтай мемлекеттік университеті Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Усольцев С.Н.; «Былина» Орыс этномәдени қоғамының төрағасы Кораблев А. және т.б.
Өткізілген семинар Алтын Ордадағы негізгі әдіснамалық тәсілдерді және әлеуметтік-мәдени процестерді талдауға мүмкіндік берді.













